Әлем

Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруі Ресейге қалай әсер етеді

© AFP 2024 / HENRIK MONTGOMERYАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2022
Жазылу
Альянстың кеңеюі Солтүстік Еуропа қауіпсіздігінің айтарлықтай бәсеңдеуіне алып келеді, деп санайды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
НАТО-ның Финляндия мен Швеция есебінен шығысқа қарай кеңеюі Ресейдің қауіпсіздігіне жаңа қауіп төндіреді. Мәскеу Калининградтан Мурманскіге, Балтық теңізінен Баренц теңізіне дейінгі аумаққа жаңа әскери құрамалар мен жоғары технологиялық соққы (ядролық) жасау қаруларын орналастыру арқылы жауап беруге мәжбүр.
Финляндия мен Швеция НАТО-мен ұзақ уақыттан бері тығыз ынтымақтастық орнатқан. Хельсинки мен Стокгольмде тиісті шешімдер қабылданып, қазір орындалу сатысында тұр.
Альянстың сыртқы істер министрлері 15 мамырда Берлинде ұйымға жаңа мүшелерді қабылдауды талқылап, бұл өзгеріске оң баға берді. Мадридте өтуге тиіс НАТО саммитінде жаңа Стратегиялық тұжырымдаманы және әлдеқайда қауіпсіз және бәсекеге қабілетті ортаға бейімделу жоспары қабылданады.
2020 жылдың желтоқсанынан бастап альянс Ресейді ресми түрде 2030 жылға дейінгі өз қарсыласы және басты әскери қауіп деп санайды. Сондықтан ұйымға басқа мүшелерді қабылдау не үшін және кімге қарсы жасалып жатқаны айтпаса да түсінікті.
"Финляндия мен Швецияның Солтүстікатлантикалық альянсқа кіруі Ресейдің солтүстік-батыс бағыттағы әскери қаупінің спектрін кеңейтеді. Әлеуетті әскери іс-қимылдар театрын немесе 2000 километрге созылған Балтықтан Баренцке дейінгі майдан шебін Ресей құрлық әскері, әскери-теңіз күштері және әскери-ғарыш күштерінің жаңа құрамалары және бөлімшелерімен, жоғары технологиялық соққы жасау қаруларымен, гипердыбысты зымыран жүйелерімен және әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің тығыздалуымен қамтуға тура келеді", - деп жазды әскери шолушы.
Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков РФ Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруімен келіспейтінін жеткізді. Ол "бұл салдары ұзаққа созылатын қателік" болатынын айтты.
Ресей Қарулы күштері Бас штабы қарсы іс-қимылды қамтитын нақты әскери-техникалық іс-шараларды пысықтап жатқаны анық. Оның қарқыны өңірдегі жағдайдың ушығуына байланысты болады. Бір анығы – Мәскеу ешкімге ресейлік шекараға жақын маңда әскери қауіп төндіруге жол бермейді.
Біраз бұрын Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілінің орынбасары Дмитрий Полянский ядролық державаға сес көрсетіп жатқан елдерге "қақтығыстың барлық өршу қаупін ескеруге" кеңес берді.
Альянсқа мүше болуға ниеттеніп жатқан қос мемлекеттің әскери қуатына зер салсақ.
Global Firepower әскери қуат бойынша әлемдік рейтингте Финляндия 142 елдің ішінде 53-ші орында, яғни, Беларусьтен бір саты төмен тұр. 5,6 миллион халқы мен 23 мың әскері (мобилизация әлеуеті – 900 мың адам) бар бейтарап ел үшін бұл жақсы көрсеткіш. Құрлықтағы әскер 200 танкпен, 2000-нан астам басқа да броньдалған техникамен, 777 артиллериялық және 46 зымыран қондырғымен қаруланған. Финляндия әскери-әуе күштерінің негізін 55 соққы жасаушы ұшақ пен 20 тікұшақ құрап отыр. Әскери-теңіз күштерінің қаатарында 8 патрульдеуші катер мен 8 тралшы бар. Жақында Хельсинки АҚШ-тан 64 дана F-35A жойғыш ұшағына және маңызды мобильді және стационарлық нысандарды жоюға арналған 120 дана AGM-158 JASSM жоғары дәлдіктегі қанатты зымырандар партиясына тапсырыс берді.
Швецияның әскери қуаты әлемде 25-ші орында (Польша мен Оңтүстік Африка арасында) тұр және бұл өте берік бейтараптылық. Финдерге қарағанда шведтердің саны екі есе көп (10,3 миллион адам), бірақ швед армиясы әлдеқайда аз – 16 мың.
Аз адам, ал техника көп. Құрлық әскерінде 120 танк, 3370 басқа броньдалған техника, 192 артиллериялық және 140 зымыран қондырғы бар. Швед әскери-әуе күштері 70 соққы жасаушы ұшағы және 50-ден астам тікұшақты басқарып отыр. 7 корветтен, 5 субмаринадан, 170 патрульдік қайық пен тралшыдан тұратын әскери-теңіз күштері Стокгольмның мақтанышы.
Нәтижесінде, Финляндия мен Швецияның арқасында Ресейге қарсы НАТО 39 000 әскер, 320 танк, 1000-нан астам зеңбірек қондырғысы, 125 жауынгерлік ұшақ және 70 тікұшақпен толығуы мүмкін. Сонымен қатар Еуропаның солтүстігіндегі тиімді стратегиялық позицияларға (ұзындығы 1000 километрден асатын құрлықтағы Ресей-Финляндия шекарасы) қол жеткізеді.
Америкалық Wilson Center талдау орталығы 2021 жылы жүргізген сауалнама финдердің шамамен 26%-і альянсқа қосылуды қолдаса, 40%-і қарсы екенін көрсетті. Ал Швецияда 2022 жылғы осы тектес сауалнама халықтың 42%-і бұл идеяны қолдағанын, 37%-і қарсы болғанын анықтады.
"Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруі Еуропа үшін үлкен қауіп тудырып отыр. Солтүстікатлантикалық альянс әлемдегі тұрақтылықты шайқалтып жатыр. АҚШ-тың жетекшілік етуімен ұжымдық Батыс Ресей және Қытайға қарсы жаһандық әскери қақтығысқа қарай сенімді жылжып келеді", - деп жазды Хроленко.
Жаңалықтар
0