https://sputnik.kz/20220520/aqtauga-shaqyrylgan-sarbaz-24934786.html
Әскерге шақырылған ақтаулық сарбаз бір аптадан соң есін жоғалтты
Әскерге шақырылған ақтаулық сарбаз бір аптадан соң есін жоғалтты
Sputnik Қазақстан
Сарбазға алдын ала диагноз қойылды 20.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-20T10:17+0500
2022-05-20T10:17+0500
2023-08-10T16:53+0500
оқиға
сарбаз
ақтау
https://sputnik.kz/img/25/29/252908_0:53:1025:629_1920x0_80_0_0_cb294944b8f0af123d3b95d1d6bac337.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр - Sputnik. Ақтаудан шақырылған 19 жастағы Талғат Сәрсенбаев әскерге келгеннен кейін көп ұзамай өзін өте тұйық болып кеткен. Адамдармен сөйлеспеген. Оның отбасы әскери бөлім басшылығына шағыданып, полицияға арыз жазбақ, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.Талғатқа 4 мамырда шақырту келген. Ол медициналық тексеруден өтіп үлгермегенін әскери комиссариатқа хабарлаған Бірақ ағасы Қайрат Сәрсенбаевтың айтуынша, қызметкерлер інісін сол күні облыстық ауруханаға апарып, тез арада анықтама берген. Облыс орталығына пойызбен жіберген."Олар оны күшпен ұстап алып кетті, бір аптадан кейін телефон соғып, інімнің әрекеттері біртүрлі түсініксіз екенін айтты. Өзімен өзі сөйлесіп жатыр. Кеше КТ мен МРТ арқылы тексердік. Нәтижесі жақсы. Ол туыстарын таниды, бірақ өзін өте жабық ұстайды. Мен полицияға барып арызданамын. Өйткені әскерилердің өздері не істеп жатқанын білмейді,", - дейді Қайрат Сәрсенбаев.Қорғаныс министрлігі сарбазды әскерге ешкім күштеп әкетпегенін айтып отыр. Олардың мәліметінше, жігіт медициналық тексеру кезінде азаматтық борышын өтеуді шешкен. Алайда бір аптадан кейін барлық сұраққа тек "иә" және "жоқ" деп жауап беріп, өзімен-өзі сөйлесе бастаған.Сарбазға алдын ала ситуациялық невроз диагнозы қойылған. Бұл ауру стресс жағдайында тудыруы мүмкін. Егер диагноз расталса, Талғат әскери госпитальда оңалту курсынан өтеді. Жағдайы тұрақтанған кезде қайтадан қызметке кіріседі.
https://sputnik.kz/20220423/askerge-shaqyrylgan-sarbaz-24399641.html
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/25/29/252908_58:0:965:680_1920x0_80_0_0_58fd6797d80cdbbf3ea563809f8ac407.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сарбаз, ақтау
Әскерге шақырылған ақтаулық сарбаз бір аптадан соң есін жоғалтты
10:17 20.05.2022 (жаңартылды: 16:53 10.08.2023) Сарбазға алдын ала диагноз қойылды
НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр - Sputnik. Ақтаудан шақырылған 19 жастағы Талғат Сәрсенбаев әскерге келгеннен кейін көп ұзамай өзін өте тұйық болып кеткен. Адамдармен сөйлеспеген. Оның отбасы әскери бөлім басшылығына шағыданып, полицияға арыз жазбақ, деп хабарлайды
"Астана" телеарнасы.
Талғатқа 4 мамырда шақырту келген. Ол медициналық тексеруден өтіп үлгермегенін әскери комиссариатқа хабарлаған Бірақ ағасы Қайрат Сәрсенбаевтың айтуынша, қызметкерлер інісін сол күні облыстық ауруханаға апарып, тез арада анықтама берген. Облыс орталығына пойызбен жіберген.
"Олар оны күшпен ұстап алып кетті, бір аптадан кейін телефон соғып, інімнің әрекеттері біртүрлі түсініксіз екенін айтты. Өзімен өзі сөйлесіп жатыр. Кеше КТ мен МРТ арқылы тексердік. Нәтижесі жақсы. Ол туыстарын таниды, бірақ өзін өте жабық ұстайды. Мен полицияға барып арызданамын. Өйткені әскерилердің өздері не істеп жатқанын білмейді,", - дейді Қайрат Сәрсенбаев.
Қорғаныс министрлігі сарбазды әскерге ешкім күштеп әкетпегенін айтып отыр. Олардың мәліметінше, жігіт медициналық тексеру кезінде азаматтық борышын өтеуді шешкен. Алайда бір аптадан кейін барлық сұраққа тек "иә" және "жоқ" деп жауап беріп, өзімен-өзі сөйлесе бастаған.
Сарбазға алдын ала ситуациялық невроз диагнозы қойылған. Бұл ауру стресс жағдайында тудыруы мүмкін. Егер диагноз расталса, Талғат әскери госпитальда оңалту курсынан өтеді. Жағдайы тұрақтанған кезде қайтадан қызметке кіріседі.