Саясат

Тоқаев Қырғызстан президентімен сөйлесті

© Sputnik / Владислав ВодневАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2022
Жазылу
Тоқаев пен Жапаров қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігінің даму перспективаларын талқылады
НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.
Қырғызстан президенті мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық және Қазақстан халқының игілігі жолындағы аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Әңгімелесу барысында қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігінің даму перспективалары талқыланды. Осы ретте Қазақстан президентінің Қырғызстанға жоспарланған ресми сапарына ерекше назар аударылды.
Президенттер алдағы уақытта өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздердің екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді.
Танки Т-14  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2022
Қазақстан Қырғызстанға әскери техника береді – заң жобасы мақұлданды
Жаңалықтар
0