Қазақстан Қырғызстанға әскери техника береді – заң жобасы мақұлданды

© Sputnik / Evgeny Odinokov / Медиабанкке өтуТанки Т-14 "
Танки Т-14  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2022
Жазылу
Әскери мүлік қырғыз тарапына өтеусіз негізде және бір рет беріледі
НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Парламент мәжілісі "Қазақстан үкіметі мен Қырғыз Республикасының министрлер кабинеті арасындағы Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдиновтің айтуынша, Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігі мен қорғаныс әлеуетін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан тарапы Қырғызстанға әскери мүлікті өтеусіз беру түрінде әскери-техникалық жәрдем көрсетеді. Тиісті келісімге 2021 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылған.
"Келісім бойынша әскери мүлік бір рет беріледі. Оның атауы мен көлемі дипломатиялық арна арқылы келісілді. Қазақстан тарапы мүлікті Қырғызстанның Қойташ елді мекеніне дейін автокөлікпен жеткізеді. Шығынды өзі көтереді. Қырғызстан тарапы алған мүлікті тек қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін пайдалана алады, үшінші тарапқа бермейді. ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге қарсы қолданбайды", - деді Қамалетдинов мәжілістің жалпы отырысында.
Айтуынша, Орталық Азияға іргелес аумақта шиеленіс болғанда, өңірлік қауіпсіздікке сын-қатер төнген жағдайда әскери-техникалық көмек көрсету Қырғызстан Қарулы күштерінің оған тойбарыс беруіне, Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді. Заң жобасын қабылдау бюджеттен қосымша қаражат қажет етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Мәжіліс депутаттары заң жобасын мақұлдады.
Жаңалықтар
0