https://sputnik.kz/20220518/pavlodar-zhasospirimder-uy-ort-24881328.html
Павлодарда ойнап жүрген жасөспірімдер үйді өртеп жіберді - 5 отбасы баспанасыз қалды
Павлодарда ойнап жүрген жасөспірімдер үйді өртеп жіберді - 5 отбасы баспанасыз қалды
Sputnik Қазақстан
Үй апаттық жағдайда болса да, адамдар әлі де тұрады 18.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-18T07:39+0500
2022-05-18T07:39+0500
2022-05-18T09:38+0500
оқиға
павлодар
өрт
жасөспірім
тұрғын үй
https://sputnik.kz/img/80/20/802021_0:208:2000:1333_1920x0_80_0_0_c47eb2a937533379668601b01e170fe8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Павлодарда ойын салдарынан бес отбасы үйден айырылды. Жасөспірімдер терек мамығын өртеген кезде жалын ескі екі қабатты тұрғын үйді шарпыған, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. Құтқарушылар үйден газ баллондарын шығарып, жарылыстың алдын алды.Бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар мен куәгерлерден жауап алудың арқасында өрт себебі анықталды. Екі жасөспірім ойнап жүріп терек мамығын өртеп жіберген.Егер балалардың кінәсі анықталса, олардың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылады.Өрт салдарынан бес отбасы баспанасыз қалды. Бір пәтер толығымен жанып кетті, тағы жетеуі зақымдалды. Билік үйдің апатты болғанын және оны әлі де бұзуды жоспарлап отырғанын хабарлады. Үш отбасы төтенше жағдайға дейін жаңа баспана алған. Қалған бесеуіне шұғыл түрде баспана тауып беру керек болып тұр."Жақында тұрғын үй қатынастары бөлімі оларды уақытша көшіру мәселесін шешеді. Зардап шеккен бес отбасыға баспана жалдау ақысы бюджет есебінен төленеді. Оларға тек коммуналдық қызмет ақысын төлеуі қажет", - деді Павлодар қаласының әкімі Асаин Байханов.
https://sputnik.kz/20220506/aqmola-oblysy-kolik-ort-video-24689464.html
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/80/20/802021_223:0:2000:1333_1920x0_80_0_0_3946effd6ba54a5fb0f15b3ea6c8b972.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар, өрт, жасөспірім, тұрғын үй
павлодар, өрт, жасөспірім, тұрғын үй
Павлодарда ойнап жүрген жасөспірімдер үйді өртеп жіберді - 5 отбасы баспанасыз қалды
07:39 18.05.2022 (жаңартылды: 09:38 18.05.2022) Үй апаттық жағдайда болса да, адамдар әлі де тұрады
НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Павлодарда ойын салдарынан бес отбасы үйден айырылды. Жасөспірімдер терек мамығын өртеген кезде жалын ескі екі қабатты тұрғын үйді шарпыған, деп хабарлайды
"Астана" телеарнасы.
"Қызым екеуміз тек құжаттар мен мысықтарды алып шығып ұлгердік. Мен халатпен жүгіріп шықтым. Төбе, еден, бәрі су астында қалды, ас үйдегі шкаф толығымен жанып кетті. Енді жарықсыз отырмыз. Тұрмыстық техника істей ме, істемей ме әлі белгісіз", - дейді Алена Гладких.
Құтқарушылар үйден газ баллондарын шығарып, жарылыстың алдын алды.
Бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар мен куәгерлерден жауап алудың арқасында өрт себебі анықталды. Екі жасөспірім ойнап жүріп терек мамығын өртеп жіберген.Егер балалардың кінәсі анықталса, олардың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Өрт салдарынан бес отбасы баспанасыз қалды. Бір пәтер толығымен жанып кетті, тағы жетеуі зақымдалды. Билік үйдің апатты болғанын және оны әлі де бұзуды жоспарлап отырғанын хабарлады. Үш отбасы төтенше жағдайға дейін жаңа баспана алған. Қалған бесеуіне шұғыл түрде баспана тауып беру керек болып тұр.
"Жақында тұрғын үй қатынастары бөлімі оларды уақытша көшіру мәселесін шешеді. Зардап шеккен бес отбасыға баспана жалдау ақысы бюджет есебінен төленеді. Оларға тек коммуналдық қызмет ақысын төлеуі қажет", - деді Павлодар қаласының әкімі Асаин Байханов.