Ақмола облысында жүріп келе жатқан көлік өртенді – видео

CC0 / / Мобильный телефон в руках водителя, иллюстративное фото
Мобильный телефон в руках водителя, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Ақмола облысында жанармай құю бекетінің жанында көлік өртенді, деп хабарлады Polisia.kz.
4 мамыр күні Щучинск қаласының тұрғыны аудан орталығының автожолында көлікпен жүріп келе жатқан. Күтпеген жерден "Есіл" автожанармай құю станциясының жанында көлік капотының астынан өрт шыққан. Жүргізуші мен оның жолаушылары көліктен шығып, өрт сөндіргіштерді іздеуге асықты.

Дәл осы уақытта Бурабай АПБ патрульдік полициясы ротасының қызметкері сержант Рустам Кенжебаев ілеспе бағытта келе жатқан.
Полицей өрт шыққан көлікті көріп, дереу сөндіруге асықты. Бірнеше минут ішінде сержант өртке оранған көлікті ауыздықтады.
Жүргізуші өзінің бейнеүндеуінде көмекке келген полиция қызметкеріне алғысын білдірді.
"23 жастағы Рустам Кенжебаев патрульдік полиция ротасының қызметкері, 2019 жылдан бастап ішкі істер органдарында қызмет етеді. 2021 жылы облыстық ППБ қызметінен Бурабай АПБ ППР-на ауыстырылды", – деп хабарлады аудандық полиция бөлімі.
Жаңалықтар
0