https://sputnik.kz/20220518/almaty-ekonomikasy-dosaev-24898128.html
Алматы экономикасы екінші жартыжылдықтың басында толық қалпына келеді – Досаев
Алматы экономикасы екінші жартыжылдықтың басында толық қалпына келеді – Досаев
Sputnik Қазақстан
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады 18.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-18T16:31+0500
2022-05-18T16:31+0500
2022-05-18T16:31+0500
экономика
қаңтар
ерболат досаев
алматы
https://sputnik.kz/img/944/44/9444447_0:0:1925:1082_1920x0_80_0_0_dbb162053bd194c39100dd2b69682319.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Алматы әкімі Ерболат Досаев мемлекет басшысына қала экономикасының қаңтар оқиғасынан кейінгі өсу қарқыны жайлы айтты.Досаев президентке Алматының биылғы қаңтар-сәуір айларындағы экономикалық жағдайы туралы есеп берілді. Осы кезеңде қысқа мерзімді экономикалық индикатор 107,6 пайызға дейін көтерілген. Негізгі капиталға салынған инвестицияның өсімі 21,3 пайызға жеткен, деп хабарлайды Ақорда.Әкімнің айтуынша, қаңтар оқиғасынан кейінгі қала экономикасының өсу қарқыны екінші жартыжылдықтың басында толық қалпына келеді деп болжанып отыр.Зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерінің шығыны да өтеліп жатыр. Бүгінге дейін құны 13,9 миллиард теңге болатын 1556 өтініш мақұлданған. Зардап шеккен ШОБ субъектілерінің 97 пайызы қаңтар оқиғасынан кейін жұмысына қайта кіріскен.Досаев президентке Алматының 2030 жылға дейінгі дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын басымдықтарды ұсынды.Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары туралы мәлімет берді. Атап айтқанда, маусым аралығында ерте пісетін көкөністер жеткізіледі. Ал тұрақтандыру қоры 11-ден 15 миллиард теңгеге дейін көбейген.Президент жекеменшік инвестицияларды тарту үшін Алматының индустриялды аймағын кеңейту жөніндегі жоспармен танысты.Ерболат Досаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың қалада құрылыстың тығыз болуына жол бермеу және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөнінде берген тапсырмасының орындалу барысы туралы айтты. Сондай-ақ Мемлекет басшысына Алматыдағы нөсер жауынға арналған кәріз жүйесін жаңғыртудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасының негізгі ережелері таныстырылды.Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.
https://sputnik.kz/20220428/almaty-qantar-oqigasy-kolik-24510162.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/944/44/9444447_152:0:1595:1082_1920x0_80_0_0_9790c6e4fb654d1482fd82d5b1432408.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаңтар, ерболат досаев, алматы
қаңтар, ерболат досаев, алматы
Алматы экономикасы екінші жартыжылдықтың басында толық қалпына келеді – Досаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады
НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Алматы әкімі Ерболат Досаев мемлекет басшысына қала экономикасының қаңтар оқиғасынан кейінгі өсу қарқыны жайлы айтты.
Досаев президентке Алматының биылғы қаңтар-сәуір айларындағы экономикалық жағдайы туралы есеп берілді. Осы кезеңде қысқа мерзімді экономикалық индикатор 107,6 пайызға дейін көтерілген. Негізгі капиталға салынған инвестицияның өсімі 21,3 пайызға жеткен, деп хабарлайды
Ақорда.Әкімнің айтуынша, қаңтар оқиғасынан кейінгі қала экономикасының өсу қарқыны екінші жартыжылдықтың басында толық қалпына келеді деп болжанып отыр.
Зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерінің шығыны да өтеліп жатыр. Бүгінге дейін құны 13,9 миллиард теңге болатын 1556 өтініш мақұлданған. Зардап шеккен ШОБ субъектілерінің 97 пайызы қаңтар оқиғасынан кейін жұмысына қайта кіріскен.
Досаев президентке Алматының 2030 жылға дейінгі дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын басымдықтарды ұсынды.
Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары туралы мәлімет берді. Атап айтқанда, маусым аралығында ерте пісетін көкөністер жеткізіледі. Ал тұрақтандыру қоры 11-ден 15 миллиард теңгеге дейін көбейген.
Президент жекеменшік инвестицияларды тарту үшін Алматының индустриялды аймағын кеңейту жөніндегі жоспармен танысты.
Ерболат Досаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың қалада құрылыстың тығыз болуына жол бермеу және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөнінде берген тапсырмасының орындалу барысы туралы айтты. Сондай-ақ Мемлекет басшысына Алматыдағы нөсер жауынға арналған кәріз жүйесін жаңғыртудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасының негізгі ережелері таныстырылды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.