Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген көлік иелеріне 258 млн теңге берілді

© AFP 2024 / ABDUAZIZ MADYAROVАлматының орталығындағы әкімшілік ғимараттың жанында өртенген көлік, 2022 жылдың 7 қаңтары
Алматының орталығындағы әкімшілік ғимараттың жанында өртенген көлік, 2022 жылдың 7 қаңтары - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2022
Жазылу
Алматы қаласы аудандары әкімдіктеріне автокөлік иелерінен келтірілген залалды өтеу туралы 99 өтініш түсті
АЛМАТЫ, 28 сәуір – Sputnik. Алматы әкімдігі қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген көлік иелеріне 258 миллион теңге төледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қазірге дейін Алматы қаласы аудандары әкімдіктеріне автокөлік иелерінен келтірілген залалды өтеу туралы 99 өтініш түсті. Жеке тұлғаларға келтірілген шығынды өтеу тетігіне сәйкес, жалпы сомасы 258 миллион теңгеге 54 өтінім қанағаттандырылды", - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.
Оның ішінде 33 өтініш Алмалы ауданынан, 9 өтініш Әуезов ауданынан, 12 өтініш Түрксіб ауданынан түскен.
Аудан әкімдіктері Бостандық ауданы бойынша 40 өтініш, Медеу ауданы бойынша 5 өтінішті қарап жатыр. Олар бойынша төлем 15 мамырға дейін жүргізіледі.
Айта кетері, аудан әкімдіктерінде өтініш түскен күннен бастап 1 ай ішінде қаралады. Мүлікке келтірілген залалды бағалау өтініш тіркелген күннен 7 күн ішінде белгіленеді және оны зардап шегушінің өзі таңдаған тәуелсіз сарапшы жүргізеді.
Пассаж сауда үйі - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2022
Қаңтар оқиғасы
Қаңтар оқиғасынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 8,3 млрд теңге төленді
Жаңалықтар
0