Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Қаңтар оқиғасынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 8,3 млрд теңге төленді

© Sputnik/Александр Мироглов"Пассаж" сауда үйі
Пассаж сауда үйі - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2022
Жазылу
Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктің салдарынан алдын ала деректер бойынша 1 630 ШОБ субъектісі зардап шеккен
НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Қаңтар оқиғасы салдарынан зардап шеккен 1 491 шағын және орта бизнес субъектісіне 8,3 миллиард теңге өтемақы төленді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықовтың айтуынша, қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктің салдарынан алдын ала деректер бойынша 1 630 ШОБ субъектісі зардап шеккен.
Оларға шамамен 38,6 миллиард теңге шығын келді.
"Бүгінгі күні 1 491 ШОБ субъектісі жалпы сомасы 8,3 миллиард теңгеге төлем алды", - деді Жақсылықов үкімет отырысында.
Үкімет қаңтар оқиғасынан зардап шеккен шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында мынадай жедел шаралар қабылдады:
ШОБ субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеу;
жеке және заңды тұлғалардың қарызы бойынша төлемдерді кейінге қалдыру;
салықтық және кедендік тексерулер мен басқа да шаралар тоқтатылды.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2022
Қаңтар оқиғасы
Қаңтар оқиғасы: кездейсоқ көз жұмғандарға өтемақы беріле бастады
Жаңалықтар
0