https://sputnik.kz/20220413/qantar-oqigasy-otemaqy-24182825.html
Қаңтар оқиғасы: кездейсоқ көз жұмғандарға өтемақы беріле бастады
Қаңтар оқиғасы: кездейсоқ көз жұмғандарға өтемақы беріле бастады
Sputnik Қазақстан
Қара жамылған әрбір отбасыға 7 миллион теңге беріледі 13.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-13T15:44+0500
2022-04-13T15:44+0500
2022-05-23T14:19+0500
қаңтар
өтемақы
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e6/01/06/19076948_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_4013e6cd99c28c0f9a8f077170c06c76.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Қаңтар оқиғасы кезінде кездейсоқ көз жұмған 8 адамның отбасына өтемақы төленді. Бұдан бөлек, тағы 13 адамның тізімі тексеруге жіберілді. Бұл туралы "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қор басшысының айтуынша, құзіретті мемлекеттік органдар тізімді қарайды. Тергеу кезінде ол адамдардың кездейсоқ қайтыс болғаны расталуы қажет. Сонда ғана туыстарына өтемақы төленеді.Оның сөзіне қарағанда, қазір құзіретті мемлекеттік органдардың қарауына жіберілген 13 адамның біреуі тергеу абақтысында қайтыс болған. Осы орайда қор басшысы әрбір отбасыға төленетін өтемақының көлемін де жариялады."Әрбір отбасыға 7 миллион теңге беріледі. Әскери қызметші болсын, бейбіт тұрғын болсын, әрбір отбасыға 7 миллионның өтемақысы төленеді. Тергеу шаралары жалғасып жатыр", - деп атап өтті Жәмішев.Ал қаңтар оқиғасы кезінде жарақат алғандарға өтемақы төленбейді."Біз адамның кездейсоқ жарақат алғанын, я алмағанын анықтай алмаймыз. Ондай құзірет жоқ. Біз нақты рәсімдей алатын нәрсені ғана жасай аламыз. Ал адамның қалай жарақат алғанын дәлелдеу қиын. Оны бәріміз жақсы түсінеміз", - дейді Жәмішев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/06/19076948_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_72649fc1c2f821bf39761243cbd49ad1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаңтар, өтемақы
Қаңтар оқиғасы: кездейсоқ көз жұмғандарға өтемақы беріле бастады
15:44 13.04.2022 (жаңартылды: 14:19 23.05.2022) Қара жамылған әрбір отбасыға 7 миллион теңге беріледі
НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Қаңтар оқиғасы кезінде кездейсоқ көз жұмған 8 адамның отбасына өтемақы төленді. Бұдан бөлек, тағы 13 адамның тізімі тексеруге жіберілді. Бұл туралы "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қор басшысының айтуынша, құзіретті мемлекеттік органдар тізімді қарайды. Тергеу кезінде ол адамдардың кездейсоқ қайтыс болғаны расталуы қажет. Сонда ғана туыстарына өтемақы төленеді.
"Барлығы 211 бейбіт тұрғын көз жұмды деген ақпарат бар. Қазір 8 адамның отбасына өтемақы төленді. Тағы 13 адамға төленуі керек. Сонда әзірше 21 адам болып тұр. Тергеу кезінде қалған адамдар бойынша ақпарат түседі деп ойлаймын", - деді Жәмішев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның сөзіне қарағанда, қазір құзіретті мемлекеттік органдардың қарауына жіберілген 13 адамның біреуі тергеу абақтысында қайтыс болған. Осы орайда қор басшысы әрбір отбасыға төленетін өтемақының көлемін де жариялады.
"Әрбір отбасыға 7 миллион теңге беріледі. Әскери қызметші болсын, бейбіт тұрғын болсын, әрбір отбасыға 7 миллионның өтемақысы төленеді. Тергеу шаралары жалғасып жатыр", - деп атап өтті Жәмішев.
Ал қаңтар оқиғасы кезінде жарақат алғандарға өтемақы төленбейді.
"Біз адамның кездейсоқ жарақат алғанын, я алмағанын анықтай алмаймыз. Ондай құзірет жоқ. Біз нақты рәсімдей алатын нәрсені ғана жасай аламыз. Ал адамның қалай жарақат алғанын дәлелдеу қиын. Оны бәріміз жақсы түсінеміз", - дейді Жәмішев.