Бірінші тоқсанда Қазақстанға 4 108 адам келді

© Photo : StelaDiАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2022
Жазылу
Ел ішінде қоныс аударатындардың саны 12,6%-ке кеміді
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. 2022 жылдың бірінші тоқсанында елімізде тұруға 4 108 адам келіп, 5 281 адам көшіп кеткен, көші-қон айырымы – 1 173 адам, деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық статистикалық бюросы.
Еліміздегі негізгі көші-қон ТМД мемлекеттері арасында болған. ТМД елдерінен келген және сол елдерге кеткендердің үлесі мигранттардың жалпы санының 86% және 80,8% құрады.
Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 12,6%-ке кеміді.
Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 3 өңірінде байқалды: Нұр-Сұлтан (7 523 адам), Алматы (8 278 адам) және Шымкент (866 адам) қалаларында.
Аэропорт Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2022
24 ақпаннан бері Қазақстанға 130 мың Ресей азаматы келген
Жаңалықтар
0