Brent мұнайының бағасы барреліне 115 доллардан жоғары көтерілді

© AP Photo / Tony GutierrezМұнай өндіріп жатыр
Мұнай өндіріп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Әлемдік мұнай бағасы өсіп жатыр, Brent маркалы мұнайдың құны 28 наурыздан бері алғаш рет барреліне 115 доллардан жоғары көтерілді, деп хабарлады РИА Новости сауда-саттық деректеріне сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 07:27-дегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерстерінің бағасы 0,84%-ке, барреліне 115,1 долларға дейін, WTI маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерстері 0,61%-ке, 112,5 долларға дейін қымбаттады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2022
Экономика
Қазақстанда мұнай-газ саласын демонополизациялау бойынша жаңа шаралар қабылданады
Жаңалықтар
0