https://sputnik.kz/20220505/qazaqstan-munay-gaz-salasy-demonopolizatsiya-24663486.html
Қазақстанда мұнай-газ саласын демонополизациялау бойынша жаңа шаралар қабылданады
Қазақстанда мұнай-газ саласын демонополизациялау бойынша жаңа шаралар қабылданады
Sputnik Қазақстан
Нарықтың барлық қатысушысы үшін мұнай өнімдерін сақтаудың бірыңғай регламенті әзірленеді 05.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-05T17:22+0500
2022-05-05T17:22+0500
2022-05-05T17:22+0500
экономика
мұнай
https://sputnik.kz/img/191/58/1915891_307:22:5520:2955_1920x0_80_0_0_79a7723d4a8998f5fda4c5fd49d2cef0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов мұнай-газ саласында демонополизациялаудың жаңа шараларын іске асыруды тапсырды, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.Үкіметте Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының мұнай өңдеу саласын реформалау жөніндегі ұсыныстары қаралды.Энергетика министрі Болат Ақшолақов шағын мұнай өңдеу зауыттары шығаратын өнімнің сапасын арттыру үшін оларды техникалық реттеу талаптарын күшейтуді ұсынды.Сондай-ақ ЕАЭО-ның техникалық регламентіне сәйкес келмейтін мұнай өнімдерін шығаратын шағын МӨЗ-дерге салықтық және кедендік жеңілдіктерді алып тастау қажет екендігі айтылды. Мұнай өңдеу зауыттарынан жанар-жағармай жөнелту кезінде теміржол қызметін көрсету тұрғысынан бағаның негізсіз өсуін және жекелеген компаниялардың бәсекесіз қызметін болдырмау үшін тарифтерді төмендету ұсынылды.Смайылов энергетика министрлігіне субъектілердің шектеулі тобына жеңілдіктер (тегін сақтау) ұсынбау үшін нарықтың барлық қатысушысына МӨЗ-де мұнай өнімдерін сақтаудың бірыңғай регламентін әзірлеуді тапсырды. Мұнай өңдеу зауыттарында негізсіз өндірістік шығындарды болдырмау мақсатында бақылау және қауіпсіздік жүйелеріне аудит жүргізіледі.Жалпы үкімет басшысы айтылған ұсыныстарды қолдап, кейбіреуіне түзетулер енгізуді және оларды іске асыру мәселелерін пысықтауды тапсырды.Отырыс барысында сұйытылған газ нарығын, атап айтқанда, оның өнімін өнеркәсіптік қайта өңдеушілерге сату, сондай-ақ тасымалдау және сақтау бойынша демонополизациялау шаралары қаралды.Премьер-министр уәкілетті мемлекеттік органдарға бағалық сөз байласуға әкелетін жағдайларды анықтау жұмыстарын жүргізуді және осы салаға қажетті нарық тетіктері бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.
https://sputnik.kz/20220420/atyrau-munay-ondeu-zauyty-tergeu-24339884.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/191/58/1915891_245:0:5152:3680_1920x0_80_0_0_59443971c6578bc636492432989b6c0d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай
Қазақстанда мұнай-газ саласын демонополизациялау бойынша жаңа шаралар қабылданады
Нарықтың барлық қатысушысы үшін мұнай өнімдерін сақтаудың бірыңғай регламенті әзірленеді
НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов мұнай-газ саласында демонополизациялаудың жаңа шараларын іске асыруды тапсырды, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Үкіметте Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының мұнай өңдеу саласын реформалау жөніндегі ұсыныстары қаралды.
Энергетика министрі Болат Ақшолақов шағын мұнай өңдеу зауыттары шығаратын өнімнің сапасын арттыру үшін оларды техникалық реттеу талаптарын күшейтуді ұсынды.
Сондай-ақ ЕАЭО-ның техникалық регламентіне сәйкес келмейтін мұнай өнімдерін шығаратын шағын МӨЗ-дерге салықтық және кедендік жеңілдіктерді алып тастау қажет екендігі айтылды. Мұнай өңдеу зауыттарынан жанар-жағармай жөнелту кезінде теміржол қызметін көрсету тұрғысынан бағаның негізсіз өсуін және жекелеген компаниялардың бәсекесіз қызметін болдырмау үшін тарифтерді төмендету ұсынылды.
Смайылов энергетика министрлігіне субъектілердің шектеулі тобына жеңілдіктер (тегін сақтау) ұсынбау үшін нарықтың барлық қатысушысына МӨЗ-де мұнай өнімдерін сақтаудың бірыңғай регламентін әзірлеуді тапсырды. Мұнай өңдеу зауыттарында негізсіз өндірістік шығындарды болдырмау мақсатында бақылау және қауіпсіздік жүйелеріне аудит жүргізіледі.
"Бұл бағытта бүкіл технологиялық процесті қамти отырып, бақылаудың цифрлық технологияларын енгізу қажет", — деді Әлихан Смайылов.
Жалпы үкімет басшысы айтылған ұсыныстарды қолдап, кейбіреуіне түзетулер енгізуді және оларды іске асыру мәселелерін пысықтауды тапсырды.
Отырыс барысында сұйытылған газ нарығын, атап айтқанда, оның өнімін өнеркәсіптік қайта өңдеушілерге сату, сондай-ақ тасымалдау және сақтау бойынша демонополизациялау шаралары қаралды.
Премьер-министр уәкілетті мемлекеттік органдарға бағалық сөз байласуға әкелетін жағдайларды анықтау жұмыстарын жүргізуді және осы салаға қажетті нарық тетіктері бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.