https://sputnik.kz/20220517/auyl-veterinarlar-qosymsha-okilettikter-24856651.html
Ауылдағы ветеринарларға қосымша өкілеттіктер беріледі
Ауылдағы ветеринарларға қосымша өкілеттіктер беріледі
Sputnik Қазақстан
Ауыл шаруашылығы министрлігі парламентке ветеринария туралы заң жобасын енгізеді 17.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-17T09:53+0500
2022-05-17T09:53+0500
2022-05-17T10:45+0500
мал шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23929632_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_f0833e36f3e3da085e59b1b2540bc83e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мал шаруашылығына ветеринарлық қызмет көрсетуді қалай жақсартатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Айтуынша, орталық және жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық қызметтері арасында өкілеттіктерді бөлу, ветеринариялық қызметті өзіне тән емес функциялардан босату көзделіп отыр.Ол бұл шаралардың бәрі ветеринария туралы заң жобасы арқылы заңнамалық деңгейде нығайтылатынын атап өтті. Заң жобасы биыл парламентке енгізіледі.Бұдан бөлек, алдағы уақытта мемлекеттік монополиядан барынша бас тарту және сол арқылы ветеринария саласына жеке инвестиция тарту жоспарланып отыр.Сондай-ақ министр мал шаруашылығын, ең алдымен, ветеринарлармен және зоотехниктермен қамтамасыз етуге назар аудару қажет екенін айтты."Бұл жерде әңгіме жоғары білімі бар мамандар туралы ғана емес, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын колледждер даярлайтын орта буын мамандары туралы да болып отыр. Сондай-ақ "Дипломмен ауылға" бағдарламасын күшейту және кеңейту арқылы ауылдарда кадрларды бекіту мәселесін шешу, оның нормаларын орта буын мамандарына да тарату міндеті тұр", - деді ол.Бұған дейін Ербол Қарашөкеев мал шаруашылығының дамуын тежеп тұрған факторларды атады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23929632_110:0:1247:853_1920x0_80_0_0_606587b13e69a6e31fa2bf57c264be7c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мал шаруашылығы
Ауылдағы ветеринарларға қосымша өкілеттіктер беріледі
09:53 17.05.2022 (жаңартылды: 10:45 17.05.2022) Ауыл шаруашылығы министрлігі парламентке ветеринария туралы заң жобасын енгізеді
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мал шаруашылығына ветеринарлық қызмет көрсетуді қалай жақсартатынын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, орталық және жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық қызметтері арасында өкілеттіктерді бөлу, ветеринариялық қызметті өзіне тән емес функциялардан босату көзделіп отыр.
"Сонымен қатар ауылдық округтердің ветеринария дәрігерлеріне қосымша өкілеттіктер беру, сондай-ақ ветеринария саласын цифрландыру бойынша ұсыныстар әзірленді. Қазіргі уақытта мал шаруашылығы саласындағы жағдайды өзгерту және оның даму тұрақтылығын арттыру мақсатында министрлік нақты шаралар қабылдап жатыр", - деді Қарашөкеев үкімет отырысында.
Ол бұл шаралардың бәрі ветеринария туралы заң жобасы арқылы заңнамалық деңгейде нығайтылатынын атап өтті. Заң жобасы биыл парламентке енгізіледі.
Бұдан бөлек, алдағы уақытта мемлекеттік монополиядан барынша бас тарту және сол арқылы ветеринария саласына жеке инвестиция тарту жоспарланып отыр.
Сондай-ақ министр мал шаруашылығын, ең алдымен, ветеринарлармен және зоотехниктермен қамтамасыз етуге назар аудару қажет екенін айтты.
"Бұл жерде әңгіме жоғары білімі бар мамандар туралы ғана емес, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын колледждер даярлайтын орта буын мамандары туралы да болып отыр. Сондай-ақ "Дипломмен ауылға" бағдарламасын күшейту және кеңейту арқылы ауылдарда кадрларды бекіту мәселесін шешу, оның нормаларын орта буын мамандарына да тарату міндеті тұр", - деді ол.
Бұған дейін Ербол Қарашөкеев мал шаруашылығының дамуын
тежеп тұрған факторларды атады.