https://sputnik.kz/20220517/ministr-mal-sharuashylygy-24855842.html
Министр мал шаруашылығының дамуын тежеп тұрған факторларды атады
Министр мал шаруашылығының дамуын тежеп тұрған факторларды атады
Sputnik Қазақстан
Қазақстан мал шаруашылығының бірқатар өнімін шетелден импорттауға мәжбүр 17.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-17T09:36+0500
2022-05-17T09:36+0500
2022-05-17T09:36+0500
ауыл шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/07e6/04/1a/24466464_0:0:3067:1725_1920x0_80_0_0_de0b9af71f7d19e39c10f4eedc3d486e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мал шаруашылығының даму қарқыны неге төмен екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Министр мал шаруашылығы саласының даму қарқыны елдің әлеуетіне сәйкес келмейтінін атап өтті. Айтуынша, мал шаруашылығы өнімдерінің бірқатары бойынша импортқа тәуелділік сақталған. Атап айтқанда, құс еті, терең қайта өңдеуден өткен ет және сүт өнімдері.Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, бүгінгі таңда ірі азықпен қамтамасыз ету 80%-ті, шырынды азықпен – 40%-ті, құнарлы азықпен қамтамасыз ету 50%-ті құрайды.Дегенмен, министрдің сөзінше, тұрақты даму үшін жем-шөптің сақтандыру қоры да болуға тиіс."Бұдан басқа, жайылымдық жерлердің өнімділігі бойынша да проблемалар бар. Азық базасының проблемасын шешу мақсатында былтыр министрлік жемшөп өндірісі саласын дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасын әзірледі. Алайда, жергілікті жерлерде жол картасының іс-шараларын іске асыру бойынша әлі де жүйелі жұмыс жоқ. Мал шаруашылығын жемшөп базасын есепке алмай дамыту процесі жалғасуда", - деді ведомство басшысы.Тағы бір мәселе – мамандардың тапшылығы.Қарашөкеев қазіргі таңда өңірлерде ветеринарлардан басқа, зоотехник-технологтар мен зоотехник – селекционерлер тапшы екенін айтты. Әсіресе, өндірістік құс шаруашылығында кадрмен қамтамасыз ету жағдайы күрделі. Сонымен қатар жас мамандарды жергілікті жерлерге бекіту мәселесі өткір күйінде қалып отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/1a/24466464_50:0:2779:2047_1920x0_80_0_0_b71833762af0990cadcbd7e20da37661.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы
Министр мал шаруашылығының дамуын тежеп тұрған факторларды атады
Қазақстан мал шаруашылығының бірқатар өнімін шетелден импорттауға мәжбүр
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мал шаруашылығының даму қарқыны неге төмен екенін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр мал шаруашылығы саласының даму қарқыны елдің әлеуетіне сәйкес келмейтінін атап өтті. Айтуынша, мал шаруашылығы өнімдерінің бірқатары бойынша импортқа тәуелділік сақталған. Атап айтқанда, құс еті, терең қайта өңдеуден өткен ет және сүт өнімдері.
"Қолда бар мүмкіндіктер тек өңірде ғана емес, әлем бойынша да ірі экспорттаушы атануға мүмкіндік береді. Талдау көрсеткендей, мал шаруашылығын жедел дамыту мен оның өнімділігін арттырудың басты тежеуші факторы – жемшөп базасының жеткіліксіздігі", - деді Қарашөкеев үкімет отырысында.
Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, бүгінгі таңда ірі азықпен қамтамасыз ету 80%-ті, шырынды азықпен – 40%-ті, құнарлы азықпен қамтамасыз ету 50%-ті құрайды.
Дегенмен, министрдің сөзінше, тұрақты даму үшін жем-шөптің сақтандыру қоры да болуға тиіс.
"Бұдан басқа, жайылымдық жерлердің өнімділігі бойынша да проблемалар бар. Азық базасының проблемасын шешу мақсатында былтыр министрлік жемшөп өндірісі саласын дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасын әзірледі. Алайда, жергілікті жерлерде жол картасының іс-шараларын іске асыру бойынша әлі де жүйелі жұмыс жоқ. Мал шаруашылығын жемшөп базасын есепке алмай дамыту процесі жалғасуда", - деді ведомство басшысы.
Тағы бір мәселе – мамандардың тапшылығы.
Қарашөкеев қазіргі таңда өңірлерде ветеринарлардан басқа, зоотехник-технологтар мен зоотехник – селекционерлер тапшы екенін айтты. Әсіресе, өндірістік құс шаруашылығында кадрмен қамтамасыз ету жағдайы күрделі. Сонымен қатар жас мамандарды жергілікті жерлерге бекіту мәселесі өткір күйінде қалып отыр.