https://sputnik.kz/20220516/ulttyq-muzey-basshylygy-byudzhet-24841750.html
Ұлттық музей басшылығы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді
Ұлттық музей басшылығы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді
Sputnik Қазақстан
Ұлттық музейдің лауазымды тұлғалары 146 млн теңге ұрлады деген күдікке ілініп отыр 16.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-16T16:09+0500
2022-05-16T16:09+0500
2022-05-16T16:09+0500
қоғам
сыбайлас жемқорлық
арыстанбек мұхамедиұлы
/i/logo/logo-social.png
НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Нұр-Cұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" РМҚК лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.Қазір тінту, куәлардан жауап алу және басқа да тергеу шаралары жүріп жатыр.Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ұлттық музейдің басшысы Арыстанбек Мұхамадиұлы желідегі парақшасында өзіне қатысты негізсіз тексерулер басталғанын мәлімдеп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан араша сұрады."Мен бар саналы ғұмырымды мемлекет пен халықты біріктіріп отыратын ұлттық идея ісіне бағыттап келемін. Қазақ киносының тынысын ашып, әлемдік өркениетке батыл бет алуына да үлес қосуға атсалысып келемін. Қай салада жұмыс істесем де, әуелі ұлт мүддесі үшін тер төктім. Мемлекет бюджетіне қол салғандарға аяусыз тосқауыл жасап келемін. Әрине, мұндай әрекеттерім кейбір адамдарға ұнасын ба? Кейбір адамдар әлі күнге дейін тірліктеріме тұзақ құрып келеді", - дейді Мұхамедиұлы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сыбайлас жемқорлық, арыстанбек мұхамедиұлы
сыбайлас жемқорлық, арыстанбек мұхамедиұлы
Ұлттық музей басшылығы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді
Ұлттық музейдің лауазымды тұлғалары 146 млн теңге ұрлады деген күдікке ілініп отыр
НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Нұр-Cұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" РМҚК лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрмесін өткізу бойынша мемлекеттік сатып алуға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Шарттың жалпы сомасы 1,2 млрд теңгені құраған. Ал Ұлттық музейдің лауазымды тұлғалары 146 млн теңге ұрлады деген күдікке ілініп отыр", - делінген хабарламада.
Қазір тінту, куәлардан жауап алу және басқа да тергеу шаралары жүріп жатыр.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ұлттық музейдің басшысы Арыстанбек Мұхамадиұлы желідегі парақшасында өзіне қатысты негізсіз тексерулер басталғанын мәлімдеп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан
араша сұрады.
"Мен бар саналы ғұмырымды мемлекет пен халықты біріктіріп отыратын ұлттық идея ісіне бағыттап келемін. Қазақ киносының тынысын ашып, әлемдік өркениетке батыл бет алуына да үлес қосуға атсалысып келемін. Қай салада жұмыс істесем де, әуелі ұлт мүддесі үшін тер төктім. Мемлекет бюджетіне қол салғандарға аяусыз тосқауыл жасап келемін. Әрине, мұндай әрекеттерім кейбір адамдарға ұнасын ба? Кейбір адамдар әлі күнге дейін тірліктеріме тұзақ құрып келеді", - дейді Мұхамедиұлы.