Тоқаев ҰҚШҰ-ның мерейтойлық саммитіне қатысу үшін Мәскеуге барды

© Sputnik / Евгения Новоженина / Медиабанкке өтуКремль, Мәскеу. Архивтегі фото
Кремль, Мәскеу. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл және Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өтетін ҰҚШҰ-ның мерейтойлық саммитіне қатысу үшін Мәскеуге барды.
Ұйымның іс-шарасы 16 мамыр күні Кремльде өтеді.
Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тоқаев Мәскеуге Ресей президенті Владимир Путин мен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Армения премьер-министрі Никол Пашинян шақырған.
Тоқаев Мәскеуге Біріккен Араб Әмірліктерінен барды, онда ол жаңа мемлекет басшысы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен жеке кездесіп, оған БАӘ-нің бұрынғы басшысы шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Сонымен қатар қызметіне кірісуімен құттықтап, Қазақстанға сапармен келуге шақырды.
Токаев лично выразил соболезнования президенту ОАЭ - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2022
Әлем
Тоқаев БАӘ президентімен кездесті
Жаңалықтар
0