https://sputnik.kz/20220515/toqaev-baa-prezidentimen-kezdesti-24821645.html
Тоқаев БАӘ президентімен кездесті
Тоқаев БАӘ президентімен кездесті
Sputnik Қазақстан
Кездесу соңында мемлекет басшысы БАӘ президентін Қазақстанға сапармен келуге шақыруын нақтылады 15.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-15T16:45+0500
2022-05-15T16:45+0500
2022-05-15T16:50+0500
әлем
қасым-жомарт тоқаев
баә
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0f/24820618_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_ab2078f0c2ac7ab5fee1157b66e47ea3.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаянмен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президенті шейх Халифа бен Зайд Әл Нахаянның қайтыс болуына байланысты осы елдің жаңадан сайланған президенті, Абу Дабидің билеушісі шейх Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаянға және билеуші әулеттің мүшелері мен Әмірліктер халқына көңіл айту үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне барды.Көшбасшылардың кездесуі президенттің Абу Дабидегі Қасру-л Мушриф сарайында өтті.Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтып, шейх Халифаның елді өркендету жолындағы ерен еңбегін атап өтті."Әмірліктердің ел ішіндегі және халықаралық деңгейдегі көптеген жетістігі шейх Халифаның есімімен байланысты. Оның дана басшылығымен БАӘ Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың күшті жақтаушысы болды. Сонымен қатар бүкіл араб әлемі үшін қарқынды экономикалық өсу мен әлеуметтік дамудың үлгісі болды. Сондықтан біз оның қайтыс болуын БАӘ үшін ғана емес, бүкіл әлем қоғамдастығы үшін орасан зор қайғы деп қабылдаймыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Ол шейх Халифа бен Зайд Әл Нахаянның Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы қатынастарды дамытуға елеулі үлес қосқанын атап өтті.Кездесу барысында Қазақстан президенті шейх Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаянды БАӘ президенті болып сайлануымен құттықтап, оның басшылығымен әмірліктердің одан әрі гүлдене беретініне сенім білдірді.БАӘ президенті өз кезегінде осындай ауыр жағдайда арнайы келіп, жеке қолдау көрсеткені үшін Қазақстан көшбасшысына ризашылығын білдірді. Сондай-ақ елорда көшелерінің біріне шейх Халифаның аты берілетініне алғысын айтты.Кездесу соңында мемлекет басшысы БАӘ президентін Қазақстанға сапармен келуге шақыруын нақтылады.
https://sputnik.kz/20220514/abu-dabi-murager-prezident-24809307.html
баә
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0f/24820618_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_c32d4a320d3437f08195938858730d1c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, баә
Тоқаев БАӘ президентімен кездесті
16:45 15.05.2022 (жаңартылды: 16:50 15.05.2022) Кездесу соңында мемлекет басшысы БАӘ президентін Қазақстанға сапармен келуге шақыруын нақтылады
НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаянмен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президенті шейх Халифа бен Зайд Әл Нахаянның қайтыс болуына байланысты осы елдің жаңадан сайланған президенті, Абу Дабидің билеушісі шейх Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаянға және билеуші әулеттің мүшелері мен Әмірліктер халқына көңіл айту үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне барды.
Көшбасшылардың кездесуі президенттің Абу Дабидегі Қасру-л Мушриф сарайында өтті.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтып, шейх Халифаның елді өркендету жолындағы ерен еңбегін атап өтті.
"Әмірліктердің ел ішіндегі және халықаралық деңгейдегі көптеген жетістігі шейх Халифаның есімімен байланысты. Оның дана басшылығымен БАӘ Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың күшті жақтаушысы болды. Сонымен қатар бүкіл араб әлемі үшін қарқынды экономикалық өсу мен әлеуметтік дамудың үлгісі болды. Сондықтан біз оның қайтыс болуын БАӘ үшін ғана емес, бүкіл әлем қоғамдастығы үшін орасан зор қайғы деп қабылдаймыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ол шейх Халифа бен Зайд Әл Нахаянның Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы қатынастарды дамытуға елеулі үлес қосқанын атап өтті.
Кездесу барысында Қазақстан президенті шейх Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаянды БАӘ президенті болып сайлануымен құттықтап, оның басшылығымен әмірліктердің одан әрі гүлдене беретініне сенім білдірді.
БАӘ президенті өз кезегінде осындай ауыр жағдайда арнайы келіп, жеке қолдау көрсеткені үшін Қазақстан көшбасшысына ризашылығын білдірді. Сондай-ақ елорда көшелерінің біріне шейх Халифаның аты берілетініне алғысын айтты.
Кездесу соңында мемлекет басшысы БАӘ президентін Қазақстанға сапармен келуге шақыруын нақтылады.