https://sputnik.kz/20220515/almaty-muzeydegi-tun-24822722.html
Алматыда дәстүрлі түрде "Музейдегі түн" акциясы өтеді
Алматыда дәстүрлі түрде "Музейдегі түн" акциясы өтеді
Sputnik Қазақстан
Бұл жолы "Музейдегі түн" акциясы балалар жылына арналады 15.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-15T18:03+0500
2022-05-15T18:03+0500
2022-05-15T18:06+0500
өңірлер
музей
https://sputnik.kz/img/229/88/2298884_0:163:1200:838_1920x0_80_0_0_9a7eff665b10cd25a67f996bc77e16ae.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр — Sputnik. 18 мамырда Халықаралық музейлер күнінде Орталық музей Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін дәстүрлі "Музейдегі түн" акциясын өткізеді. Биыл бұл акция балалар жылына арналады. Орталық музей әкімшілігі хабарлағандай, акция 18 мамырда өтіп, сағат 17:00-ден 23:30-ға дейін жалғасады. Келушілер үшін музейге кіру тегін болады. Іс-шаралар аясында "Дарынды балалар шеруі" атты республикалық фестивалі ерекше өтеді. Оған қалалар мен облыстардан келген республикалық және халықаралық фестивальдер, байқаулар, олимпиадалардың лауреаттары мен дипломаттары қатысады. Бұл түні алматылықтарға алуан түрлі бағдарлама ұсынылады: көркем сурет, мүсін және дизайн факультетінен өнердің әртүрлі бағыты (көркем сурет, мүсін және дизайн) бойынша шеберлік сабақтары, дәстүрлі қолөнер түрлерінен, оригами, каллиграфия, "фурошики" (Жапонияда заттарды орау үшін қолданылатын әртүрлі өлшемдегі төртбұрышты матаны бүктеу және байлау бойынша жапон техникасы) өнері бойынша шеберлік сабақтары. Сондай-ақ акция аясында музей қорындағы коллекциялар және жеке жинақтағы экспонаттардың көрмесі өтеді.
https://sputnik.kz/20210716/Almaty-tarikhy-murazhay-foto-17592714.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/229/88/2298884_0:50:1200:950_1920x0_80_0_0_c0fe6a0dcd7d79279ca83541bb55da5a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
музей
Алматыда дәстүрлі түрде "Музейдегі түн" акциясы өтеді
18:03 15.05.2022 (жаңартылды: 18:06 15.05.2022) Бұл жолы "Музейдегі түн" акциясы балалар жылына арналады
НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр — Sputnik. 18 мамырда Халықаралық музейлер күнінде Орталық музей Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін дәстүрлі "Музейдегі түн" акциясын өткізеді. Биыл бұл акция балалар жылына арналады.
Орталық музей әкімшілігі хабарлағандай, акция 18 мамырда өтіп, сағат 17:00-ден 23:30-ға дейін жалғасады. Келушілер үшін музейге кіру тегін болады.
"Музейдегі түн" акциясы аясында Қазақстан Республикасының Орталық музейінде алғаш рет балалардың білім беру, мәдени және бос уақытын өткізу бағдарламаларын жүзеге асыруға бағытталған балалар коворкинг орталығы ашылады", - деп хабарлады әкімшілікте.
Іс-шаралар аясында "Дарынды балалар шеруі" атты республикалық фестивалі ерекше өтеді. Оған қалалар мен облыстардан келген республикалық және халықаралық фестивальдер, байқаулар, олимпиадалардың лауреаттары мен дипломаттары қатысады.
Бұл түні алматылықтарға алуан түрлі бағдарлама ұсынылады: көркем сурет, мүсін және дизайн факультетінен өнердің әртүрлі бағыты (көркем сурет, мүсін және дизайн) бойынша шеберлік сабақтары, дәстүрлі қолөнер түрлерінен, оригами, каллиграфия, "фурошики" (Жапонияда заттарды орау үшін қолданылатын әртүрлі өлшемдегі төртбұрышты матаны бүктеу және байлау бойынша жапон техникасы) өнері бойынша шеберлік сабақтары.
Сондай-ақ акция аясында музей қорындағы коллекциялар және жеке жинақтағы экспонаттардың көрмесі өтеді.