Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Алматы тарихынан сыр шертетін музейде қандай жәдігерлер бар – фото

Жазылу
НовостиTelegram
Алматы қаласының тарихынан сыр шертетін музей 2001 жылы ашылып, 2002 жылы іске қосылған. Мұнда Жетісу өңірінен табылған жәдігерлер мен қазақ тарихын айшықтайтын заттар қойылған

Музей Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2016 жылы жаңа ғимаратқа көшті. Осылайша музейге бұрынғы Верный балалар үйінің ғимараты берілді. Қазір бұл жерде 11 зал бар.

Музейде қола дәуірінен бастап, Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейінгі аралықты қамтитын экспонаттар қойылған. Толығырақ Sputnik материалынан көре аласыз.

© Sputnik / Айгерім Таубай, Тимур БатыршинАлматы қаласының тарихынан сыр шертетін Алматы музейі 2001 жылы ашылып, 2002 жылы іске қосылған. Мұражай Қабанбай батыр көшесі, №132 үй мекенжайы бойынша бұрынғы Верный балалар үйінің ғимаратында орналасқан
Алматы музейі  - Sputnik Қазақстан
1/20
Алматы қаласының тарихынан сыр шертетін Алматы музейі 2001 жылы ашылып, 2002 жылы іске қосылған. Мұражай Қабанбай батыр көшесі, №132 үй мекенжайы бойынша бұрынғы Верный балалар үйінің ғимаратында орналасқан
© Sputnik / Айгерім Таубай, Тимур БатыршинМұражайда Жетісу өңірінен табылған жәдігерлер мен қазақ тарихын айшықтайтын заттар қойылған. Музей Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2016 жылы жаңа ғимаратқа көшті
Алматы музейі  - Sputnik Қазақстан
2/20
Мұражайда Жетісу өңірінен табылған жәдігерлер мен қазақ тарихын айшықтайтын заттар қойылған. Музей Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2016 жылы жаңа ғимаратқа көшті
© Sputnik / Айгерім Таубай, Тимур Батыршин"Ежелгі және орта ғасырдағы Алматы" залында қола дәуірінде Жетісу тұрғындарының қандай шаруашылықпен айналысқаны, олардың сол кезеңде қолданған заттары қойылған. Оның ішінде дәнүккіштер, қыш тостағандар бар
Алматы музейі  - Sputnik Қазақстан
3/20
"Ежелгі және орта ғасырдағы Алматы" залында қола дәуірінде Жетісу тұрғындарының қандай шаруашылықпен айналысқаны, олардың сол кезеңде қолданған заттары қойылған. Оның ішінде дәнүккіштер, қыш тостағандар бар
© Sputnik / Айгерім Таубай, Тимур Батыршин1968-69 жылдары Есік қаласынан табылған Сақ адамы қолданған заттар мен үйсін мәдениетіне жататын "Қарғалы диадемасы". Бұл әшекей Қарғалы шатқалынан табылған
Алматы музейі - Sputnik Қазақстан
4/20
1968-69 жылдары Есік қаласынан табылған Сақ адамы қолданған заттар мен үйсін мәдениетіне жататын "Қарғалы диадемасы". Бұл әшекей Қарғалы шатқалынан табылған
© Sputnik / Айгерім Таубай, Тимур БатыршинХІІ ғасырдағы су құбыр жүйесі Талғар қаласынан табылған. Ұзындығы – 12 метр
Алматы музейі - Sputnik Қазақстан
5/20
ХІІ ғасырдағы су құбыр жүйесі Талғар қаласынан табылған. Ұзындығы – 12 метр
© Sputnik / Айгерім Таубай, Тимур БатыршинМұхаммед Хайдар Дулатидің "Тарихи Рашиди" еңбегінде Қазақ хандығы Іле Алатауының солтүстік-батысында Қозыбасы жотасы мен Шу бойында құрылғаны айтылған. Фотода Дулатидің "Тарихи Рашиди" еңбегінің көшірмесі
Алматы музейі - Sputnik Қазақстан
6/20
Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Тарихи Рашиди" еңбегінде Қазақ хандығы Іле Алатауының солтүстік-батысында Қозыбасы жотасы мен Шу бойында құрылғаны айтылған. Фотода Дулатидің "Тарихи Рашиди" еңбегінің көшірмесі
© Айгерім Таубай, Тимур БатыршинМұражайда Қазақ хандығының құрылуы кезеңіне арналған зал бар. Мұнда қазақ жауынгерінің қаруы, сол кезеңде халықтың қолданған заттары қойылған
Алматы музейі - Sputnik Қазақстан
7/20
Мұражайда Қазақ хандығының құрылуы кезеңіне арналған зал бар. Мұнда қазақ жауынгерінің қаруы, сол кезеңде халықтың қолданған заттары қойылған
© Айгерім Таубай, Тимур БатыршинҚазақ жауынгерінің кісе белдігі
Алматы музейі - Sputnik Қазақстан
8/20
Қазақ жауынгерінің кісе белдігі
© Айгерім Таубай, Тимур БатыршинКүміс әшекейлер
Алматы музейі - Sputnik Қазақстан
9/20
Күміс әшекейлер
© Айгерім Таубай, Тимур Батыршин"Верный кезеңі" залында шығыстанушы Барлыбек Сыртанов, альпинист Евгений Колокольников, архитектор Андрей Зенков қолданған заттар қойылған
Алматы музейі - Sputnik Қазақстан
10/20
"Верный кезеңі" залында шығыстанушы Барлыбек Сыртанов, альпинист Евгений Колокольников, архитектор Андрей Зенков қолданған заттар қойылған
© Айгерім Таубай, Тимур БатыршинТостаған тәріздес оқ сақтайтын сауыт
Алматы музейі - Sputnik Қазақстан
11/20
Тостаған тәріздес оқ сақтайтын сауыт
© Айгерім Таубай, Тимур Батыршин"Жетісу халқының материалдық мәдениеті" залында ұлттық нақыштағы киімдер мен әшекей-бұйымдар қойылған
Алматы музейі - Sputnik Қазақстан
12/20
"Жетісу халқының материалдық мәдениеті" залында ұлттық нақыштағы киімдер мен әшекей-бұйымдар қойылған
© Sputnik / Айгерім Таубай, Тимур Батыршин1926-1930 жылдар аралығында Түркістан-Сібір темір жолы салынды. Фотода сол кездегі темір жолдың инсталляциясы
Алматы музейі - Sputnik Қазақстан
13/20
1926-1930 жылдар аралығында Түркістан-Сібір темір жолы салынды. Фотода сол кездегі темір жолдың инсталляциясы
© Айгерім Таубай, Тимур БатыршинАлматы-1 вокзалынан жүрген пойыздардың кестесі
Алматы музейі - Sputnik Қазақстан
14/20
Алматы-1 вокзалынан жүрген пойыздардың кестесі
© Айгерім Таубай, Тимур БатыршинАлматы керамика зауытының өнімдері
Алматы музейі - Sputnik Қазақстан
15/20
Алматы керамика зауытының өнімдері
© Айгерім Таубай, Тимур Батыршин"Кәсіби өнердің дамуы" залы халық әртісі Ермек Серкебаевтың өнеріне арналған. Мұнда өнерпаздың халықаралық, республикалық жарыстарда алған марапаттары қойылған
Алматы музейі - Sputnik Қазақстан
16/20
"Кәсіби өнердің дамуы" залы халық әртісі Ермек Серкебаевтың өнеріне арналған. Мұнда өнерпаздың халықаралық, республикалық жарыстарда алған марапаттары қойылған
© Айгерім Таубай, Тимур Батыршин1963 жылы жасалған Беларусь телерадиоласы
Алматы музейі - Sputnik Қазақстан
17/20
1963 жылы жасалған Беларусь телерадиоласы
© Айгерім Таубай, Тимур БатыршинҚазақстанда альпинизм тарихы 1920 жылдан басталады. 1930 жылдары Қазақстан альпинистері географиялық картасын анықтап, Іле Алатаудағы "Абай", "Талғар", "Хан тәңірі", "Жамбыл" шыңдарын бағындарған. Мұражайда альпинистің тауға өрмелеу сәті көрсетілген
Алматы музейі - Sputnik Қазақстан
18/20
Қазақстанда альпинизм тарихы 1920 жылдан басталады. 1930 жылдары Қазақстан альпинистері географиялық картасын анықтап, Іле Алатаудағы "Абай", "Талғар", "Хан тәңірі", "Жамбыл" шыңдарын бағындарған. Мұражайда альпинистің тауға өрмелеу сәті көрсетілген
© Sputnik / Айгерім Таубай, Тимур Батыршин"Желтоқсан" залы 1986 жылдың құрбандарына арналған. Мұнда Қайрат Рысқұлбеков пен Ләззат Асанованың жеке жаттары қойылған. Соның ішінде Қайрат Рысқұлбеков түрмеде отырған кезде жасаған сандық бар.
Алматы музейі - Sputnik Қазақстан
19/20
"Желтоқсан" залы 1986 жылдың құрбандарына арналған. Мұнда Қайрат Рысқұлбеков пен Ләззат Асанованың жеке жаттары қойылған. Соның ішінде Қайрат Рысқұлбеков түрмеде отырған кезде жасаған сандық бар.
© Sputnik / Айгерім Таубай, Тимур Батыршин"Егемендік және Алматы" залында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, қабылданған маңызды жарлықты айғақтайтын фотолар, Нұрсұлтан Назарбаевтың инаугурациясында түсірілген фотолар бар
Алматы музейі - Sputnik Қазақстан
20/20
"Егемендік және Алматы" залында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, қабылданған маңызды жарлықты айғақтайтын фотолар, Нұрсұлтан Назарбаевтың инаугурациясында түсірілген фотолар бар
Жаңалықтар
0