https://sputnik.kz/20220514/zhambyl-oblysy-zhol-apaty-ozbekstan-azamattary-24804968.html
Жамбыл облысындағы жол апаты: аман қалған Өзбекстан азаматтары өз еліне кетті
Жамбыл облысындағы жол апаты: аман қалған Өзбекстан азаматтары өз еліне кетті
Sputnik Қазақстан
Екі күн бұрын Жамбыл облысында Өзбекстан азаматтары мінген жолаушылар автобусы аударылды, екі адам қаза болды 14.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-14T11:13+0500
2022-05-14T11:13+0500
2023-08-10T11:58+0500
өңірлер
жамбыл облысы
өзбекстан
жол апаты
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0e/24804808_0:119:1280:839_1920x0_80_0_0_b8562b3d3cb40e1ab3c8148667f3b002.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Жамбыл облысында жол апатынан зардап шеккен Өзбекстан азаматтары өз отанына кетті. Сегіз жедел жәрдем көлігі мен бір жолаушылар автобусы шекарадан аман-есен өтті, деп хабарлайды Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі."14 мамыр түнгі сағат 02.00-де Өзбекстан ТЖ министрінің орынбасары Азизбек Латифжонов бастаған жедел топ колоннамен Жамбыл облысы Жуалы ауданынан 8 жедел жәрдем көлігі және бір "Ванхолл"маркалы жолаушылар автобусымен Өзбекстанға жөнелтілді", - делінген хабарламада.Олар жол апатынан зардап шеккен 13 адам мен уақытша орналастыру пунктіндегі жеті адамды, сондай-ақ көз жұмған екі адамның мәйітін алып кетті. Ал Өзбекстанның 1980 және 1965 жылғы екі азаматы Жуалы ауданы ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.Өзбекстан ТЖ министрінің орынбасары Жамбыл облысындағы әріптестеріне және өз отандастарын құтқаруға көмектескен барлық қызметке алғысын білдірді.Таңғы сағат 07.15-те колонна Қазақстан шекарасынан өтті.Еске салсақ, 12 мамыр күні сағат 15:46-да Жамбыл облысы Жуалы ауданында "Алматы-Ташкент" автожолының 571 шақырымында жолаушылар автобусы аударылды. Салдарынан екі адам оқиға орнында ажал құшты. Он алты адам түрлі жарақатпен Жуалы ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.Салонда барлығы 51 адам болған, оның 46-сы Өзбекстан азаматтары.Жамбыл облысы ТЖ департаментінде "қауырт желі" телефоны іске қосылды. Жергілікті атқарушы органдардың күшімен Мәдениет үйі базасында эвакопункт және ыстық тамақ ұйымдастырылып, оған 32 адам орналастырылды.
https://sputnik.kz/20220513/zhambyl-oblysy-avtobus-audaryldy-17-adam-aurukhana-24784906.html
жамбыл облысы
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0e/24804808_2:0:1279:958_1920x0_80_0_0_f1cb443eb94cc099416dd76f5e132e0e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, өзбекстан, жол апаты
жамбыл облысы, өзбекстан, жол апаты
Жамбыл облысындағы жол апаты: аман қалған Өзбекстан азаматтары өз еліне кетті
11:13 14.05.2022 (жаңартылды: 11:58 10.08.2023) Екі күн бұрын Жамбыл облысында Өзбекстан азаматтары мінген жолаушылар автобусы аударылды, екі адам қаза болды
НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Жамбыл облысында жол апатынан зардап шеккен Өзбекстан азаматтары өз отанына кетті. Сегіз жедел жәрдем көлігі мен бір жолаушылар автобусы шекарадан аман-есен өтті, деп хабарлайды Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
"14 мамыр түнгі сағат 02.00-де Өзбекстан ТЖ министрінің орынбасары Азизбек Латифжонов бастаған жедел топ колоннамен Жамбыл облысы Жуалы ауданынан 8 жедел жәрдем көлігі және бір "Ванхолл"маркалы жолаушылар автобусымен Өзбекстанға жөнелтілді", - делінген хабарламада.
Олар жол апатынан зардап шеккен 13 адам мен уақытша орналастыру пунктіндегі жеті адамды, сондай-ақ көз жұмған екі адамның мәйітін алып кетті. Ал Өзбекстанның 1980 және 1965 жылғы екі азаматы Жуалы ауданы ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.
Өзбекстан ТЖ министрінің орынбасары Жамбыл облысындағы әріптестеріне және өз отандастарын құтқаруға көмектескен барлық қызметке алғысын білдірді.
Таңғы сағат 07.15-те колонна Қазақстан шекарасынан өтті.
Еске салсақ, 12 мамыр күні сағат 15:46-да Жамбыл облысы Жуалы ауданында "Алматы-Ташкент" автожолының 571 шақырымында жолаушылар автобусы аударылды. Салдарынан екі адам оқиға орнында ажал құшты. Он алты адам түрлі жарақатпен Жуалы ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.
Салонда барлығы 51 адам болған, оның 46-сы Өзбекстан азаматтары.
Жамбыл облысы ТЖ департаментінде "қауырт желі" телефоны іске қосылды. Жергілікті атқарушы органдардың күшімен Мәдениет үйі базасында эвакопункт және ыстық тамақ ұйымдастырылып, оған 32 адам орналастырылды.