Өңірлер

Жамбыл облысында автобус аударылды: 17 адам ауруханаға түсті, төртеуі жансақтауда жатыр

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2022
Жазылу
Аударылған жолаушылар автобусы Өзбекстанда тіркелген болып шықты
НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Жамбыл облысында жолаушылар автобусы аударылып, екі адам көз жұмды, 48 адам медициналық көмекке жүгінді. Қазір төрт адам жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, 12 мамыр сағат 15:48-де жедел жәрдем стансасына Жуалы ауданы, Нұрлыкент ауылының жанында жол апаты болғаны туралы ақпарат түскен.
Жуалы аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне барлығы 48 адам түсті.

"Зардап шеккендердің ішінен 17 адам ауруханаға жатқызылды. Соның ішінде жансақтау бөлімінде – 4 адам, хирургия бөлімінде – 13 адам. Бір адам санитарлық авиация желісі арқылы қалалық көпбейінді ауруханасына жеткізілді. Өкінішке қарай, екі адам оқиға орнында көз жұмды", - деді денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Зардап шеккен жолаушыларға көмек көрсетуге Бауыржан Момышұлы ауылының 3 бригадасы және облыстық жедел жәрдем станциясынан 2 бригада жұмылдырылды.
Жамбыл облысы ТЖД мәліметінше, жолаушылар автобусы Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылынан 6 шақырым қашықтықта Алматы –Ташкент тас жолының 571 шақырымында аударылған.
Жол апатына түскен көлік Өзбекстанда тіркелген екен.
Зардап шеккендердің туыстары мен жақындарына психологиялық көмек көрсету бойынша қауырт желі телефоны ашылды: 8 (7262) 51-35-75, 51-41-67.
Оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.
Бұған дейін Жамбыл облысында "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" автожолында жолаушылар автобусының апатқа ұшырағаны хабарланды. Жол апатына жаңбыр мен бұршақ жауып, күн райының бұзылуы себеп болған деген болжам бар. Автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бір бағытта келе жатқан трактордың тіркемесіне соғылған. Салдарынан автобус жүргізушісінің көмекшісі мен жолаушы сол жерде қаза болды.
Жаңалықтар
0