https://sputnik.kz/20220512/zhambyl-oblysy-avtobus-traktor-24778064.html
Жамбыл облысында автобус пен трактор соқтығысып, екі адам мерт болды
Жамбыл облысында автобус пен трактор соқтығысып, екі адам мерт болды
Sputnik Қазақстан
Ауруханаға 33 адам жүгінді. Олардың үшеуі жансақтау бөліміне жатқызылды 12.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-12T18:41+0500
2022-05-12T18:41+0500
2022-05-12T18:41+0500
оқиға
жамбыл облысы
https://sputnik.kz/img/115/60/1156043_20:0:982:541_1920x0_80_0_0_b6e65f6e4745b3d09934ef5b443fd6bd.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Жамбыл облысында 12 мамыр күні сағат 15.50 шамасында "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" республикалық маңызы бар автожолының 571-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.Жол апатына жаңбыр мен бұршақ жауып, күн райының бұзылуы себеп деп болжанып отыр.Жолаушылар тасымалдайтын автобустың жүргізушісі рульге ие бола алмай, бір бағытта келе жатқан трактордың тіркемесіне соғылған. Жол апаты салдарынан автобус жүргізушісінің көмекшісі мен жолаушы сол жерде қайтыс болды.Ауруханаға 33 адам жүгінді. Олардың үшеуі жансақтау бөліміне жатқызылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен (көлік құралын басқаратын адамның абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/115/60/1156043_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_783cd986552393634521a13ac3419713.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы
Жамбыл облысында автобус пен трактор соқтығысып, екі адам мерт болды
Ауруханаға 33 адам жүгінді. Олардың үшеуі жансақтау бөліміне жатқызылды
НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Жамбыл облысында 12 мамыр күні сағат 15.50 шамасында "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" республикалық маңызы бар автожолының 571-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Жол апатына жаңбыр мен бұршақ жауып, күн райының бұзылуы себеп деп болжанып отыр.
Жолаушылар тасымалдайтын автобустың жүргізушісі рульге ие бола алмай, бір бағытта келе жатқан трактордың тіркемесіне соғылған.
Жол апаты салдарынан автобус жүргізушісінің көмекшісі мен жолаушы сол жерде қайтыс болды.
Ауруханаға 33 адам жүгінді. Олардың үшеуі жансақтау бөліміне жатқызылды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен (көлік құралын басқаратын адамның абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.