Қоғам

Нұр-Сұлтанда такси жүргізуші жолаушыны соққыға жығып, тонап кетті

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2022
Жазылу
Такси жүргізуші мен жолаушы арасында жанжал шыққан
НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Елордада жолаушыны ұрып-соғып, ақшасы мен телефонын тартып алған 30 жастағы такси жүргізуші ұсталды.
Қалалық полиция департаментінің ақпаратынша, полицияға қала тұрғыны шағымданған. Айтуынша, оны такси жүргізуші соққыға жығып, ақша салынған сөмкесі мен ұялы телефонын тартып алған.
"Тергеу барысында такси жүргізуші жолаушыны үйіне жеткізгені анықталды. Жолда келе жатқанда екеуінің арасында жанжал шыққан. Салдарынан күдікті күш қолдану арқылы жәбірленушіні тонаған", - делінген хабарламада.
Полицейлер 30 жастағы күдіктіні ұстады. Ер адам бұрын ұрлық үшін сотталған.
Бұл фактіге қатысты "Тонау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті кінәсін мойындады, қазір оның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Елордалық полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды ескертті. Заңға қайшы әрекет жасалса, дереу полицияға "102" арнасына хабарлау қажет.
Такси  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2022
Алматыда такси жүргізушісіне шабуыл жасаған қарақшылар ұсталды
Жаңалықтар
0