https://sputnik.kz/20220401/almaty-taksi--shabuyl-23892440.html
Алматыда такси жүргізушісіне шабуыл жасаған қарақшылар ұсталды
Алматыда такси жүргізушісіне шабуыл жасаған қарақшылар ұсталды
Sputnik Қазақстан
Жолаушылар такси жүргізушісіне шабуыл жасап, оған көптеген пышақ жарақатын салған 01.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-01T13:11+0500
2022-04-01T13:11+0500
2022-04-01T13:11+0500
алматы
такси
https://sputnik.kz/img/1317/29/13172927_0:321:3067:2046_1920x0_80_0_0_5742035844b4da92061cbe1a0448cdc2.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Алматыда такси жүргізушісіне шабуыл жасаған қарақшылар ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. Оқиға Түрксіб ауданында екі апта бұрын болған. Үш ер адам бизнес-кластағы таксиге тапсырыс беріп, жүргізушіден оларды әуежайға жеткізіп тастауын сұраған. Алайда жолда жолаушылар такси жүргізушісіне шабуыл жасап, оған көптеген пышақ жарақатын салған. Шабуылдың нәтижесінде қаскөйлер Toyota Camry көлігін иемденген. Аталған қылмысты ашу мақсатында жедел-іздестіру тобы құрылып, оның құрамына криминалдық полиция және Түрксіб аудандық полиция басқармасының қызметкерлері кірді. "Күдіктілер дереу анықталды. Олар жасырынуға тырысқан. Алайда бекер – қазір күдіктілер ұсталды және қамауға алынды. Қылмыскерлер басқа біреудің көлігін кәдеге жарата алмады. Шетелдік көлік иесіне қайтарылды", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков. Қазір ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Олар – 1993, 1998 және 2000 жылы туған Алматы облысы Талғар ауданының тұрғындары.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1317/29/13172927_163:0:2892:2047_1920x0_80_0_0_d7e7fd7c25de3cc348d2ef89fbcba3da.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, такси
Алматыда такси жүргізушісіне шабуыл жасаған қарақшылар ұсталды
Жолаушылар такси жүргізушісіне шабуыл жасап, оған көптеген пышақ жарақатын салған
НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Алматыда такси жүргізушісіне шабуыл жасаған қарақшылар ұсталды, деп хабарлайды
Polisia.kz.
Оқиға Түрксіб ауданында екі апта бұрын болған. Үш ер адам бизнес-кластағы таксиге тапсырыс беріп, жүргізушіден оларды әуежайға жеткізіп тастауын сұраған.
Алайда жолда жолаушылар такси жүргізушісіне шабуыл жасап, оған көптеген пышақ жарақатын салған. Шабуылдың нәтижесінде қаскөйлер Toyota Camry көлігін иемденген.
Аталған қылмысты ашу мақсатында жедел-іздестіру тобы құрылып, оның құрамына криминалдық полиция және Түрксіб аудандық полиция басқармасының қызметкерлері кірді.
"Күдіктілер дереу анықталды. Олар жасырынуға тырысқан. Алайда бекер – қазір күдіктілер ұсталды және қамауға алынды. Қылмыскерлер басқа біреудің көлігін кәдеге жарата алмады. Шетелдік көлік иесіне қайтарылды", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
Қазір ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Олар – 1993, 1998 және 2000 жылы туған Алматы облысы Талғар ауданының тұрғындары.