https://sputnik.kz/20220514/nareste-olimi-smayylov-aqtobelik-sheneunikter-tapsyrma-24805459.html
Нәресте өлімі 29%-ке өскен: Смайылов ақтөбелік шенеуніктерге тапсырма берді
Нәресте өлімі 29%-ке өскен: Смайылов ақтөбелік шенеуніктерге тапсырма берді
Sputnik Қазақстан
Министрлер кабинетінің басшысы Ақтөбе облысына екі күндік жұмыс сапарымен барды 14.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-14T11:57+0500
2022-05-14T11:57+0500
2022-05-14T11:57+0500
өңірлер
нәресте
әлихан смайылов
ақтөбе облысы
https://sputnik.kz/img/977/96/9779670_0:180:1920:1260_1920x0_80_0_0_4c4d4c91e1e378df1a5486adbc29e41f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр — Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Ақтөбе облысының билігіне нәресте өлімін азайтуды тапсырды.Өңірге келгеннен кейін үкімет басшысы 2021 жылы пайдалануға берілген 190 жатын орынға арналған жаңа облыстық перинаталдық орталықтың жұмысымен танысты.Сонымен қатар Смайылов өңірдегі білім беруді дамыту мәселелерін де қозғады.Үкіметтің баспасөз қызметі ұсынған дерек бойынша, биыл мектеп құрылысына республикалық бюджеттен 104 миллиард теңге бөлініп, республика бойынша 1 мыңнан астам мектепті, оның ішінде Ақтөбе облысында 56 мектепті жаңғырту жоспарланып отыр."Өңірде үш апатты және бес үш ауысымды мектеп бар. Сонымен қатар, балабақша кезегі де үлкен екені байқалады – кезекте 12 мыңға жуық бала тұр. Бұл проблеманы шешу үшін жыл соңына дейін 25 балабақша мен 11 жаңа мектеп ашу қажет" - деді премьер.Ол өңір басшылығы колледждерде дуалды оқытуды дамытуға назар аударып, түлектердің жұмысқа орналасуына белсенді ықпал ету қажеттілігін атап өтті.Премьер-министр жұмыс сапары кезінде жылдық қуаты 70 мың тоннаға дейін жететін ИП "Бектұрова" сауда-логистикалық орталығына барды.Үкімет басшысы маусымаралық кезеңде азық-түліктің тапшылығы азық-түлік бағасының көтерілуіне ықпал етіп отырған факторлардың бірі екенін, сондықтан сақтау және логистикалық орталықтар бағаны тұрақтандырудың тиімді құралы болып отырғанын айтты.Осы орталықтардың арқасында ауыл шаруашылығы өнімдерін дүкен сөрелеріне делдалсыз жеткізу мүмкін болып отыр.Әлихан Смайылов облыс басшылығына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен дер кезінде форвардтық келісімшарт жасап, "өндірушіден тұтынушыға дейін" тиімді сату тізбегін құруды тапсырды.Бұған дейін хабарлағанымыздай, Әлихан Смайылов Ақтөбе облысында мұнай өнеркәсібі саласындағы жұмысшылардың жалақысын көтеру мәселесін қарастыруды тапсырды.
https://sputnik.kz/20220514/ukimet-basshysy-aqtobe-oblysy-munayshylar-zhalaqy-24803673.html
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/977/96/9779670_0:0:1920:1440_1920x0_80_0_0_eab6a8cbaa2c15b18b85d4efb12de2ae.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
нәресте, әлихан смайылов, ақтөбе облысы
нәресте, әлихан смайылов, ақтөбе облысы
Нәресте өлімі 29%-ке өскен: Смайылов ақтөбелік шенеуніктерге тапсырма берді
Министрлер кабинетінің басшысы Ақтөбе облысына екі күндік жұмыс сапарымен барды
НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр — Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Ақтөбе облысының билігіне нәресте өлімін азайтуды тапсырды.
Өңірге келгеннен кейін үкімет басшысы 2021 жылы пайдалануға берілген 190 жатын орынға арналған жаңа облыстық перинаталдық орталықтың жұмысымен танысты.
"Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста нәресте өлімі 29%-ке, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім 47%-ке артқан. Әкімдік жаңа перинаталдық орталықтың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жаңа туған бала өлімін азайту бойынша шаралар қабылдауы қажет. Сондай-ақ медицина кадрларының тапшылығын азайту бойынша да жүйелі жұмыс жүргізу керек", - деді Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар Смайылов өңірдегі білім беруді дамыту мәселелерін де қозғады.
Үкіметтің баспасөз қызметі ұсынған дерек бойынша, биыл мектеп құрылысына республикалық бюджеттен 104 миллиард теңге бөлініп, республика бойынша 1 мыңнан астам мектепті, оның ішінде Ақтөбе облысында 56 мектепті жаңғырту жоспарланып отыр.
"Өңірде үш апатты және бес үш ауысымды мектеп бар. Сонымен қатар, балабақша кезегі де үлкен екені байқалады – кезекте 12 мыңға жуық бала тұр. Бұл проблеманы шешу үшін жыл соңына дейін 25 балабақша мен 11 жаңа мектеп ашу қажет" - деді премьер.
Ол өңір басшылығы колледждерде дуалды оқытуды дамытуға назар аударып, түлектердің жұмысқа орналасуына белсенді ықпал ету қажеттілігін атап өтті.
Премьер-министр жұмыс сапары кезінде жылдық қуаты 70 мың тоннаға дейін жететін ИП "Бектұрова" сауда-логистикалық орталығына барды.
Үкімет басшысы маусымаралық кезеңде азық-түліктің тапшылығы азық-түлік бағасының көтерілуіне ықпал етіп отырған факторлардың бірі екенін, сондықтан сақтау және логистикалық орталықтар бағаны тұрақтандырудың тиімді құралы болып отырғанын айтты.
Осы орталықтардың арқасында ауыл шаруашылығы өнімдерін дүкен сөрелеріне делдалсыз жеткізу мүмкін болып отыр.
Әлихан Смайылов облыс басшылығына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен дер кезінде форвардтық келісімшарт жасап, "өндірушіден тұтынушыға дейін" тиімді сату тізбегін құруды тапсырды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Әлихан Смайылов Ақтөбе облысында мұнай өнеркәсібі саласындағы жұмысшылардың жалақысын көтеру мәселесін қарастыруды тапсырды.