https://sputnik.kz/20220514/ukimet-basshysy-aqtobe-oblysy-munayshylar-zhalaqy-24803673.html
Үкімет басшысы Ақтөбе облысындағы мұнайшылардың жалақысын көтеруді тапсырды
Үкімет басшысы Ақтөбе облысындағы мұнайшылардың жалақысын көтеруді тапсырды
Sputnik Қазақстан
Әлихан Смайылов Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды 14.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-14T09:21+0500
2022-05-14T09:21+0500
2022-05-14T09:21+0500
өңірлер
ақтөбе облысы
мұнай
жалақы
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948633_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_76cd5c7a838bc868c646b75e97de5f64.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Ақтөбе облысында өңірдің кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізді.Ол Ақтөбе облысы еліміздің маңызды өнеркәсіптік және аграрлық өңірлерінің бірі екенін атап өтті. Мұнда мұнай өңдеу, құрылыс және азық-түлік өнімдері өндірісі белсенді түрде дамып келеді.Жиын барысында премьер-министр мұнай саласында жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің еңбекақысын арттыруды, Ақтөбе қаласында магистралды газ құбырының үшінші желісінің құрылысын қаржыландыруды тапсырды.Сондай-ақ Смайылов азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін азық-түлік тапшылығының алдын алу және сауда үстемесін бақылау бойынша жоспарға сай жұмыс жүргізу қажет екенін атап өтті.2022 жылы республикалық бюджеттің нақтылануын ескере отырып, өңірді дамытуға 150 млрд теңгеден астам қаражат бағытталады. Бұл қаражат жолдарды жөндеуге және реконструкциялауға, газ тасымалдау жүйесін дамытуға, тұрғын үй құрылысына, ТКШ және коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шараларға, денсаулық сақтауды, агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға, сондай-ақ жергілікті тұрғындарды өнімді жұмыспен қамтуға жұмсалады."Облыс басшылығының алдында үлкен жауапты істер тұр, олардың жүзеге асырылуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін беріп, жергілікті халықтың тұрмыс деңгейін арттыруға ықпал етеді", — деп түйіндеді үкімет басшысы.
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948633_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_801f2bb0c11c5a46556c3dca863651be.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы, мұнай, жалақы
ақтөбе облысы, мұнай, жалақы
Үкімет басшысы Ақтөбе облысындағы мұнайшылардың жалақысын көтеруді тапсырды
Әлихан Смайылов Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды
НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Ақтөбе облысында өңірдің кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізді.
Ол Ақтөбе облысы еліміздің маңызды өнеркәсіптік және аграрлық өңірлерінің бірі екенін атап өтті. Мұнда мұнай өңдеу, құрылыс және азық-түлік өнімдері өндірісі белсенді түрде дамып келеді.
Жиын барысында премьер-министр мұнай саласында жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің еңбекақысын арттыруды, Ақтөбе қаласында магистралды газ құбырының үшінші желісінің құрылысын қаржыландыруды тапсырды.
Сондай-ақ Смайылов азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін азық-түлік тапшылығының алдын алу және сауда үстемесін бақылау бойынша жоспарға сай жұмыс жүргізу қажет екенін атап өтті.
"Өңірдің экономикасын әртараптандыру – ең өзекті мәселе. Ол үшін биыл өңірде жалпы құны 90 миллиардтан астам теңгені құрайтын 30 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Соның арқасында жаңа өндірістік қуат пайда болып, тұрақты жұмыс орындары құрылады. Аталған жұмысты жалғастыру керек", — деді Смайылов.
2022 жылы республикалық бюджеттің нақтылануын ескере отырып, өңірді дамытуға 150 млрд теңгеден астам қаражат бағытталады. Бұл қаражат жолдарды жөндеуге және реконструкциялауға, газ тасымалдау жүйесін дамытуға, тұрғын үй құрылысына, ТКШ және коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шараларға, денсаулық сақтауды, агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға, сондай-ақ жергілікті тұрғындарды өнімді жұмыспен қамтуға жұмсалады.
"Облыс басшылығының алдында үлкен жауапты істер тұр, олардың жүзеге асырылуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін беріп, жергілікті халықтың тұрмыс деңгейін арттыруға ықпал етеді", — деп түйіндеді үкімет басшысы.