Экономика

Қазақстан мен Германия кәсіпкерлері қандай жобаларды жүзеге асырады

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2022
Жазылу
Өткен жылы Германиядан Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар төрттен бірге ұлғайды
НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. 2021 жылы Қазақстан мен Германия арасында тауар айналымы 2,2 млрд долларды құрады. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 6,4%-ке жоғары.
Бейсенбі күні Нұр-Сұлтанда өткен Қазақстан-Германия бизнес форумында екі елдің экономикалық ынтымақтастығын дамыту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Kazakh Invest ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.
2005 жылдан бері Германияның Қазақстан экономикасына құйған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі шамамен 5,3 млрд долларды құрады. Оның басым бөлігі өңдеуші өнеркәсіпке бағытталған.
Былтыр Германиядан тікелей шетелдік инвестиция 25%-ке, 258,8 млн доллардан 323 млн долларға дейін артты.
Қазақстанда Германия капиталының қатысуымен жұмыс істеп тұрған 600-ден астам кәсіпорын бар. Соның ішінде "Linde AG", "HeidelbergCement", "BASF", "Knauf", "Siemens", "Wilo", "Metro", "CLAAS" бар.
Қазақстандық-германиялық инвестициялық жобалар тізімі 46 жобадан тұрады. Жалпы сомасы 28,4 млрд доллардан асады. Қазіргі таңда жалпы сомасы 1,1 млрд доллар болатын 28 жоба жүзеге асты.
 Металлургиялық комбинаттың цехы - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2022
Инвестициялық жобалар пулына импортты алмастыратын 400-ден астам жоба енді
Жобалардың бірі денсаулық сақтау саласына қатысты. InterQuest компаниясы 100 мың долларға Алматыда есту аппараттарының өндірісін ашу жобасын жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойды. Жоба "ESTU" ЖШС-мен бірлесіп жүзеге асырылады.
Бизнес форум аясында жалпы құны 200 млн доллардан асатын 11 келісімге қол қойылды. Олар денсаулық сақтау, машина жасау, инновация, логистика, мұнай-химия, ақпараттық технологиялар және өнеркәсіпті автоматтандыру салаларында жүзеге асады: (Fresenius Medical Care GmbH; EMAG; EOS; R.S. ENGINEERING; Rhenus Logistics; GS-Bavaria; Amazonen-Werke; SAP; Knauf; ТОО "Siemens Kazakhstan").
Сондай-ақ Түркістан, Қызылорда және Атырау облыстарында гемодиализ бойынша үш клиника ашу көзделіп отыр.
Жаңалықтар
0