Инвестициялық жобалар пулына импортты алмастыратын 400-ден астам жоба енді

© Официальный сайт Президента Казахстана Металлургиялық комбинаттың цехы
 Металлургиялық комбинаттың цехы - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2022
Жазылу
Былтыр Қазақстанға 38,3 миллиард долларға өңдеу өнеркәсібінің өнімдері импортталған
НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз – Sputnik. 13,3 триллион теңгенің 444 импорт алмастыру жобасы инвестициялық жобалар пулына енгізілді.
Қазақстан премьер-министрінің тапсырмасы бойынша бір ай ішінде өңірлер бойынша импорт алмастыру бағдарламасы әзірленіп, бекітіледі.
"Әлемде қалыптасқан геосаяси жағдайға байланысты бұл – аса өзекті мәселе. Сондықтаносы бағыттағыжұмысты жандандырып, импорт алмастыратын жобаларды іске асыруүшін инвестициялар тарту қажет", — дедіӘлихан Смайылов.
Өткен жылғықорытынды деректербойынша ҚазақстанРеспубликасына 38,3 миллиард долларғаөңдеу өнеркәсібінің өнімдері импортталған, депхабарлады премьер-министрдің баспасөзқызметі.
Машина жасау ($16,4 миллиард), химия өнеркәсібі($3,2 миллиард), қараметаллургия ($2,4 миллиард), жеңіл өнеркәсіп($2,2 миллиард), құрылысматериалдары ($1,4 миллиард), түсті металлургия($679 милион) өнімдерікөп көлемдежеткізіледі.
Қазақстан мемлекеттік органдарыотандық өңдеуөнеркәсібіне тереңталдау жүргізді, соның нәтижесінде оның елеулі әлеуетіанықталып, салаларбойынша бәсекелестік артықшылықтары, сондай-ақөнеркәсіпті оданәрі дамытудыңәлеуетті салаларыайқындалды.
Қазіргі уақытта жүргізілген талдау негізінде импорталмастыру бағдарламасының жобасыәзірленді, оныңнегізгі мақсаты– импортты қысқарту, экспорттық артықшылықтарды жәнеотандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Талдау қорытындысы бойынша облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының әкімдіктері өңдеу өнеркәсібі салаларындағы инвестициялық жобалар пулын жасады. Бұл тізімге 88 мың жаңа тұрақты жұмыс орныын құру әлеуеті бар жалпы сомасы 13,3 триллион теңгені құрайтын 444 импорт алмастыру жобасы кірді.
Биыл Индустрияландыру картасы шеңберінде ел өңірлерінде 10,8 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы 1,4 триллион теңгеге 90 жобаны іске қосу жоспарланған.
Доллар, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2022
Қазақстанда импорттық кеден бажы доллармен есепке алынады
Жаңалықтар
0