Нұр-Сұлтанда велосипед мінген баланы көлік басып кетті

CC0 / / Архивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтанда "Газель" велосипед мінген баланы басып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай 12 мамырда Сусамыр көшесінде болған. Малахов көшесіне қарай бара жатқан "Газель" жүргізушісі велосипедпен бір бағытта жүрген 8 жасар баланы басып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды. Полицейлер сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті жол жүру ережесін қатаң сақтау қажеттігін ескертті. Көлік жүргізушілер барынша сақ болып, жаяу жүргіншілер жолды рұқсат етілген жерден ғана кесіп өтуі керек.
Lexus - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2022
Алматы облысында жас жігіт көлігімен үш бірдей адамды басып кетті
Жаңалықтар
0