Алматы облысында жас жігіт көлігімен үш бірдей адамды басып кетті

© Photo : CC0 / ArtisticOperationsLexus
Lexus - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2022
Жазылу
Ол 36 жастағы әйелді және 6 мен 1,5 жасар баланы басып кетті. Үшеуі де оқиға орнында көз жұмды
НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Талдықорғанға жақын Кербұлақ ауылында 19 жастағы көлік жүргізушісі әйелді екі баласымен бірге басып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео тарап жатыр.
Жол апаты 23 сәуірде болған. Алматы облыстық полиция департаменті осы ақпаратты растады.
Ресми мәліметке сәйкес, Audi-80 көлігін 19 жастағы жігіт басқарған. Ол 36 жастағы әйелді және 6 мен 1,5 жасар баланы басып кетті. Үшеуі де оқиға орнында көз жұмды.
"Жол апаты бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстыс істі тергеу шаралары басталды. Көлік жүргізушісі қамауға алынды. Ал көлігі тәркіленіп, айыппұл тұрағына қойылды", - дейді полицейлер.
Облыстық полиция департаменті марқұмдардың жақындары мен туған-туыстарына орны толмас қазаға байланысты қайғырып көңіл айтып отыр.
Жаңалықтар
0