https://sputnik.kz/20220512/baspana-narygy-basendep-qaldy-24771839.html
Баспана нарығы 22 процентке бәсеңдеп қалды
Баспана нарығы 22 процентке бәсеңдеп қалды
Sputnik Қазақстан
Өткен айда Қарағанды облысында ең көп үйді сатып алынды 12.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-12T14:13+0500
2022-05-12T14:13+0500
2022-05-12T14:13+0500
экономика
баспана
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15743727_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_0c8aceef7919b519fb07357aa75b0b78.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Биыл сәуір айында тұрғын үйді сатып алу және сату бойынша 52 520 мәміле тіркелді. Бұл көрсеткіш наурыз айымен (67 801) салыстырғанда 22,5%-ке төмен болып тұр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап. Өткен айда Қарағанды облысында ең көп үйді сатып алынды. Осы аймақта 8 898 келісімшарт жасалды. Одан кейін Алматы (6 583) және Нұр-Сұлтан (5 900) тұр. Ал Солтүстік Қазақстан облысында небәрі 958 мәміле тіркелген. Бұл – республика бойынша ең төменгі көрсеткіш. Қазақстандықтар көп пәтерлі үйлердегі баспананы көбірек алады.Барлығы 38 149 келісімшарт тіркелген. Соның ішінде 2 бөлмелі пәтерлер жоғары сұранысқа ие. Сәуір айында 15 мыңнан астам екі бөлмелі пәтер рәсімделді, ал бір бөлмелі пәтерді 13 мың адам алған. Жеке үйлер бойынша 14 371 мәміле рәсімделді. Алматы, Кызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындарды жер үйді жиі алады. Биыл сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны былтырғы тиісті айымен салыстырғанда 12 процентке азайды. Әсіресе, Маңғыстау облысында үйді сатып алу-сату көрсеткіші (48,9%) күрт төмендеп қалды. Айта кетері, 1 сәуірден бастап Қазақстанда зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалану шегі көтерілген болатын. Одан асқан ақшаны тұрғын үйді сатып алуға, емделуге және инвестициялық компаниялардың басқаруына беруге мүмкіндік жасалған.
https://sputnik.kz/20220420/akimdikterdin-baspana-kezegi-24336071.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15743727_751:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_12e4156d2d4ae7bc4529025ca9ce8b16.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
баспана, қазақстан
Баспана нарығы 22 процентке бәсеңдеп қалды
Өткен айда Қарағанды облысында ең көп үйді сатып алынды
НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Биыл сәуір айында тұрғын үйді сатып алу және сату бойынша 52 520 мәміле тіркелді. Бұл көрсеткіш наурыз айымен (67 801) салыстырғанда 22,5%-ке төмен болып тұр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Өткен айда Қарағанды облысында ең көп үйді сатып алынды. Осы аймақта 8 898 келісімшарт жасалды. Одан кейін Алматы (6 583) және Нұр-Сұлтан (5 900) тұр. Ал Солтүстік Қазақстан облысында небәрі 958 мәміле тіркелген. Бұл – республика бойынша ең төменгі көрсеткіш. Қазақстандықтар көп пәтерлі үйлердегі баспананы көбірек алады.
Барлығы 38 149 келісімшарт тіркелген. Соның ішінде 2 бөлмелі пәтерлер жоғары сұранысқа ие. Сәуір айында 15 мыңнан астам екі бөлмелі пәтер рәсімделді, ал бір бөлмелі пәтерді 13 мың адам алған. Жеке үйлер бойынша 14 371 мәміле рәсімделді. Алматы, Кызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындарды жер үйді жиі алады.
Биыл сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны былтырғы тиісті айымен салыстырғанда 12 процентке азайды. Әсіресе, Маңғыстау облысында үйді сатып алу-сату көрсеткіші (48,9%) күрт төмендеп қалды.
Айта кетері, 1 сәуірден бастап Қазақстанда зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалану шегі көтерілген болатын. Одан асқан ақшаны тұрғын үйді сатып алуға, емделуге және инвестициялық компаниялардың басқаруына беруге мүмкіндік жасалған.