https://sputnik.kz/20220420/akimdikterdin-baspana-kezegi-24336071.html
Әкімдіктердің баспана кезегі қалай өзгереді
Әкімдіктердің баспана кезегі қалай өзгереді
Sputnik Қазақстан
Бүгінде мемлекеттік тұрғын үй саясаты түбегейлі өзгерді. Бұрынғыдай тегін баспана берілмейді. Соған қарамастан, әкімдікке ақысыз үй сұрап келетін адамдар... 20.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-20T15:35+0500
2022-04-20T15:35+0500
2022-04-20T15:49+0500
қоғам
әкімдік
баспана
кезекке тұру
https://sputnik.kz/img/1042/55/10425583_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_d4b4216731a5f2aabca33d998111b7a2.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Баспана кезегіне тұрған кейбір азаматтар тиімді ұсыныстан бас тартып, бұрынғы жеңілдіктерді күтіп жүр. Бірақ тұрғын үй қатынастары нарықтық жүйеге сай болады. Алдағы уақытта әкімдіктердің баспана кезегі Отбасы банкіне ауысқаннан кейін тағы өзгеріс болуы мүмкін.Сондықтан мамандар кезекте тұрған адамдарға көп бөгелмеуге кеңес беріп отыр. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Тұрғын үй қоры" КММ-сы қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Арманай Оңғарбаева баспана беру тәртібін түсіндіріп, алдағы өзгерістер туралы айтты. - Арманай Мирасқызы, алдымен баспана кезегіне тұру тәртібі туралы айтып берсеңіз, кезекке кімдер тұра алады? - Қазіргі кезде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша баспана кезегінде 48 мыңға жуық адам тұр. Оған кез келген азамат тұра алмайды. Нақты бес санат бар. Біріншісі, әлеуметтік осал топтар, яғни, толық емес, мүгедек баласы бар отбасылар, I-II топтағы мүгедектер, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, ардагерлер және оларға теңестірілген азаматтар, басқа мемлекет аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрiмен ауыратын адамдар, зейнеткерлер, қандастар, экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар, мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндетiн, әскери қызметiн орындау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары.Екінші - мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер. Үшінші топ – көпбалалы отбасылар, төртінші – жетім балалар, ал бесінші топқа апаттық үйде тұратын адамдар кіреді. Азаматтар осы санаттардың біреуіне жататын болса, баспана кезегіне тұруға өтініш бере алады. Нұр-Сұлтан қаласында кезекке тұру үшін қалада, кем дегенде, үш жыл тұрақты тіркеуі болуы қажет. Сондай-ақ, соңғы бес жылда атында жылжымайтын мүлік болмауға тиіс. Өтінішті www.kezekte.kz порталы арқылы жіберуге болады. Құжаттар 15 күн ішінде қаралады. Соның нәтижесінде адамды баспана кезегіне қояды.- Барлығы бір кезекте тұра ма, әлде, әрбір топтың өз кезегі бола ма? - Бүгінде адамдардың көбісі бір кезек деп ойлайды. 48 мың адам кезекте тұр десек, "соңғы болып тіркелдім" деп қабылдайды. Негізі, олай емес. Әрбір бес санаттың өз кезегі бар. Мысалы, көпбалалы отбасылардың кезегі бөлек, жетім балалар да солай. Кейбір адамдар келіп, танысым бар, ол менен бұрын үй алып кетті деп бізге ренішін айтады. Мен әлі жүрмін, ол менен кейін тұрған дейді. Ал, шын мәнінде, үй алып кеткен адам басқа санатта тұрған және өз бағдарламасы бойынша өтті. Мәселен, бүгінде көпбалалы отбасыларға басымдық беріледі. Заң бойынша оларға барлық пәтердің 20 проценті ұсынылуы шарт. Сөйтіп, үйді тез алып кетеді. - Баспана беру тәртібін түсіндіріп берсеңіз? - Бізде 2019 жылдан бастап баспана беру жүйесі өзгерген. Бірақ адамдардың көбісі бәрі бұрынғыдай: "Мен кезекке тұрамын, сосын маған қоңырау шалып, сіздің кезегіңіз келді, үй беріп жатырмыз деп шақырады", - деп ойлайды. Олай емес. Кезекке тұрғаннан кейін тұрғын үй бағдарламаларына қатысу керек. Мысалы, жалдамалы пәтер бар, кредиттік бағдарламалар бар. Талаптары да әртүрлі. Әрбір адам өз жағдайына қарай таңдайды. Ал біз ұсынған бағдарламаларға қатыспаса, кезекте тұра береді. - Бұрынғыдай ешкімге тегін үй берілмейді дейсіз ғой? - Иә, бүгінде баспана кезегінде тұрған азаматтарға екі түрлі үй беріледі. Біреуі – жалдамалы пәтер, екіншісі – кредиттік баспана. Соның ішінде "Шаңырақ", "Бақытты отбасы", "Елорда жастары" және тағы басқа жобалар бар. 2-5 проценттік ипотека Отбасы банкі арқылы беріледі. Ал жалдамалы пәтерлер 2019 жылдан бастап сатып алу құқығынсыз ұсынылады, яғни, жеке меншікке берілмейді. Кезекте тұрған азаматтар өмір бойы жалдап тұра алады. Олар бес жылға келісімшартқа қол қойып, мерзімі өткен сайын ұзартып отырады. Өтініш берушімен бір жағдай болып қалса, оның отбасы мүшелері шартты өз атына аударып, тұра береді. Жұмыс істейтін жастарға арналған бағдарлама бар. Оларға жалдамалы пәтерлер тек бес жылға ғана беріледі. - Сонда арендалық баспананың ақысы қандай?- Жалдамалы пәтердің ақысы пәтердің ауданына байланысты, шамамен, 5-15 мың теңгенің аралығында шығады. Бір бөлмелі пәтерге бес мыңдай төлеп тұру керек, коммуналдық төлемдері бар. Әдетте, бір, екі және үш бөлмелі пәтерлер болады. 2020 жылы төрт бөлмелі пәтерлер де болған. Біз оны отбасы мүшесінің санына қарай ұсынамыз. - Арендалық баспананың қандай жағдайда алып қоюы мүмкін? - Келісімшарт үш жағдайда бұзылады. Біріншіден, жалдамалы баспанада тұрып жатқан адамның атында жылжымайтын мүлік пайда болса, үйді жалға алу шарты тоқтатылады. Біз оны үнемі тексеріп отырамыз. Екіншіден, жалдамалы пәтер басқа біреуге жалға берілген жағдайда, оны арнайы мониторинг бөлімі қадағалайды. Олар инспекторлармен бірге тексеріс жасайды. Тәртіп бұзылса, акт рәсімделіп, жалға алу шарты бұзылады. Үшіншіден, жалдамалы пәтердің ақысы себепсіз алты ай бойы төленбесе, шартты бұзуға мәжбүр боламыз. - Жақын арада жалдамалы пәтерлер бола ма? - Иә, биыл беруі керек. Құрылыс басқармасының ақпараты бойынша қазір бірнеше нысанның құрылысы жүріп жатыр. Дайын болғанда балансқа алып, бірден конкурс жариялаймыз. Барлық ақпарат ресми сайтымызда және басқа ресурстарда шығады. 2019 жылдан бастап жалдамалы пәтерлердің саны өсіп келеді. Орташа есеппен 1 000 жалдамалы пәтер тек кезекте тұрғандарға берілсе, 1050 пәтер жұмыс істейтін жастарға ұсынылады. Сонда бір жылда екі мың жалдамалы пәтер таратылады. Ал кредиттік баспананың саны одан әлдеқайда көп. Оны Отбасы банк біледі. - Бірақ кезекте тұрған адамдарға арнайы қоңырау шалып, шақырмаймыз дейсіз ғой? - Жоқ, қазір көп адам естімей қалдым, көрмей қалдым деп ренжиді. Бағдарлама өтіп кетті дейді. Бірақ кезекте тұрған адамдар көп. Біз әрбіреуіне жеке-жеке хабарласа алмаймыз. Кезекке бірінші болып тұрғандарға SMS-хабарлама жіберіледі. Алайда әрбір адамның өзі өтініш тапсыруға мүдделі болуы керек. Ол үшін сайтты және тағы басқа ақпараттық ресурстарды үнемі бақылап, конкурс туралы біліп жүру керек. Өйткені әрбір санаттың кезегіне қарайды. Мысалы, сіз құжаты тапсыруға үлгермей қалсаңыз да, бағдарламаға қатысқанда жалдамалы пәтерге өтетін едіңіз. Себебі кезектің басында тұрсыз. - Әкімдік кезегінде ең көп тұрған адамдар қай жылдан бері баспанасын күтіп жүр? - Бізде 2006 жылы кезекке тұрған адамдар бар. Олар конкурсқа қатыспайды. Жалдамалы пәтерді жекешелендіруге мүмкіндік жоқ деп, құжат тапсырмай отыр. Конкурсқа қатысса, оп-оңай өтіп кетеді. Себебі соңғы конкурстарда 2010-2012 жылдарға дейін кезекке тұрғандар, тіпті, көпбалалы отбасылар арасында 2019 жылға дейін тіркелгендер пәтерін алды. Ал "ешқайда жылжымай отырғандар" сатып алу құқығы болмаса, баспана алмаймыз дейді. Сатып алу құқығын беріңіздер, заңға өзгеріс енгізу керек дейді. - Олар өзгеріс күтіп отыр ма? - Иә, 2019 жылға дейін жалдамалы пәтерді сатып алу құқығы болған. Одан кейін алып тастады. Ол кісілер жекешелендірудің болғанын қалап отыр. - Алдағы уақытта әкімдік кезегі Отбасы банкіне беріледі екен. Сонда баспана беру тәртібі өзгере ме? - Жоспар бойынша өзгеріс болуы керек. Қазір бес санат бойынша кезекке тұрады дедік қой, ал Отбасы банкіне өткеннен кейін санаттар болмайды, кезек ай сайынғы жалақы мөлшеріне қарай жасалады. Мысалы, қазір бізге келетін кейбір адамдар баспана кезегіне тұрғысы келеді. Бірақ бірде-бір санатқа сәйкес келмейді. Ал жалақысы өте төмен, біз әлеуметтік осал топқа жатамыз, себебі айлығым ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайды дейді. Біз болсақ, оларды тіркей алмаймыз, өйткені көпбалалы отбасы емес, басқа да санатқа жатпайды. Әкімдіктердің баспана кезегі Отбасы банкіне ауысқаннан кейін басқа жүйе болады. Адамдарды жалақыға қарап, кезекке тұрғызады. Ай сайынғы табысы төмен болса, есепке алады. Ал жетім бала белгілі бір санатқа кіріп тұрса да, жалақысы жоғары болған жағдайда кезекке тұра алмайды. Осылайша, баспана кезегінің тәртібі өзгерейін деп жатыр. Жалдамалы пәтерді тек табысы өте төмен адамдар ғана ала алады. Ал жалақысы жоғары болса, кредиттік бағдарламаларға жібереді.- Демек, 2006 жылдан бері кезекте тұрған адамдарға еркелемей, тезірек қимылдау керек қой? - Иә, біз де оларға алдағы уақытта жүйе өзгеретінін айтып жатырмыз. Әйтпесе, сол кезде жалдамалы пәтерді де ала алмай қалады. Тегін үй жоқ. Осыны түсініп алу керек. Баспана кезегі бойынша жалдамалы пәтерлер беріледі. Ал жеке меншік үй болсын десеңіз, кредиттік бағдарламаларға қатысу қажет. - Кредиттік бағдарламалар демекші, кезекте тұрған азаматтарға тұрғын үй сертификаттары берілмей ме? - Иә, ақшалай сертификаттар Отбасы банкі арқылы кредиттік бағдарламаларға қатысатын адамдарға беріледі. Оны алғашқы жарнаға қолдану қажет. Бүгінде сертификаттың мөлшері 1,5 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды. Бірақ нақты талап бар. Отбасының әрбір мүшесіне санағанда бір айлық табыстың көлемі 111 655 теңгеден аспауы керек. Үміткер осы талапқа сай келсе, "Шаңырақ" немесе "Бақытты отбасы" бағдарламалары бойынша алғашқы жарнаны тұрғын үй сертификатымен жаба алады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1042/55/10425583_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_435ada544ed22c48d783c955ae8434e3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
әкімдік баспана кезек очередь жилье акимат
әкімдік баспана кезек очередь жилье акимат
Әкімдіктердің баспана кезегі қалай өзгереді
15:35 20.04.2022 (жаңартылды: 15:49 20.04.2022) Бүгінде мемлекеттік тұрғын үй саясаты түбегейлі өзгерді. Бұрынғыдай тегін баспана берілмейді. Соған қарамастан, әкімдікке ақысыз үй сұрап келетін адамдар баршылық
НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Баспана кезегіне тұрған кейбір азаматтар тиімді ұсыныстан бас тартып, бұрынғы жеңілдіктерді күтіп жүр. Бірақ тұрғын үй қатынастары нарықтық жүйеге сай болады. Алдағы уақытта әкімдіктердің баспана кезегі Отбасы банкіне ауысқаннан кейін тағы өзгеріс болуы мүмкін.
Сондықтан мамандар кезекте тұрған адамдарға көп бөгелмеуге кеңес беріп отыр. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Тұрғын үй қоры" КММ-сы қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Арманай Оңғарбаева баспана беру тәртібін түсіндіріп, алдағы өзгерістер туралы айтты.
- Арманай Мирасқызы, алдымен баспана кезегіне тұру тәртібі туралы айтып берсеңіз, кезекке кімдер тұра алады?
- Қазіргі кезде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша баспана кезегінде 48 мыңға жуық адам тұр. Оған кез келген азамат тұра алмайды. Нақты бес санат бар. Біріншісі, әлеуметтік осал топтар, яғни, толық емес, мүгедек баласы бар отбасылар, I-II топтағы мүгедектер, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, ардагерлер және оларға теңестірілген азаматтар, басқа мемлекет аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрiмен ауыратын адамдар, зейнеткерлер, қандастар, экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар, мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндетiн, әскери қызметiн орындау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары.
Екінші - мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер.
Үшінші топ – көпбалалы отбасылар,
төртінші – жетім балалар, ал
бесінші топқа апаттық үйде тұратын адамдар кіреді. Азаматтар осы санаттардың біреуіне жататын болса, баспана кезегіне тұруға өтініш бере алады. Нұр-Сұлтан қаласында кезекке тұру үшін қалада, кем дегенде, үш жыл тұрақты тіркеуі болуы қажет. Сондай-ақ, соңғы бес жылда атында жылжымайтын мүлік болмауға тиіс. Өтінішті
www.kezekte.kz порталы арқылы жіберуге болады. Құжаттар 15 күн ішінде қаралады. Соның нәтижесінде адамды баспана кезегіне қояды.
- Барлығы бір кезекте тұра ма, әлде, әрбір топтың өз кезегі бола ма?
- Бүгінде адамдардың көбісі бір кезек деп ойлайды. 48 мың адам кезекте тұр десек, "соңғы болып тіркелдім" деп қабылдайды. Негізі, олай емес. Әрбір бес санаттың өз кезегі бар. Мысалы, көпбалалы отбасылардың кезегі бөлек, жетім балалар да солай. Кейбір адамдар келіп, танысым бар, ол менен бұрын үй алып кетті деп бізге ренішін айтады. Мен әлі жүрмін, ол менен кейін тұрған дейді. Ал, шын мәнінде, үй алып кеткен адам басқа санатта тұрған және өз бағдарламасы бойынша өтті. Мәселен, бүгінде көпбалалы отбасыларға басымдық беріледі. Заң бойынша оларға барлық пәтердің 20 проценті ұсынылуы шарт. Сөйтіп, үйді тез алып кетеді.
- Баспана беру тәртібін түсіндіріп берсеңіз?
- Бізде 2019 жылдан бастап баспана беру жүйесі өзгерген. Бірақ адамдардың көбісі бәрі бұрынғыдай: "Мен кезекке тұрамын, сосын маған қоңырау шалып, сіздің кезегіңіз келді, үй беріп жатырмыз деп шақырады", - деп ойлайды. Олай емес. Кезекке тұрғаннан кейін тұрғын үй бағдарламаларына қатысу керек. Мысалы, жалдамалы пәтер бар, кредиттік бағдарламалар бар. Талаптары да әртүрлі. Әрбір адам өз жағдайына қарай таңдайды. Ал біз ұсынған бағдарламаларға қатыспаса, кезекте тұра береді.
- Бұрынғыдай ешкімге тегін үй берілмейді дейсіз ғой?
- Иә, бүгінде баспана кезегінде тұрған азаматтарға екі түрлі үй беріледі. Біреуі – жалдамалы пәтер, екіншісі – кредиттік баспана. Соның ішінде "Шаңырақ", "Бақытты отбасы", "Елорда жастары" және тағы басқа жобалар бар. 2-5 проценттік ипотека Отбасы банкі арқылы беріледі. Ал жалдамалы пәтерлер 2019 жылдан бастап сатып алу құқығынсыз ұсынылады, яғни, жеке меншікке берілмейді. Кезекте тұрған азаматтар өмір бойы жалдап тұра алады. Олар бес жылға келісімшартқа қол қойып, мерзімі өткен сайын ұзартып отырады. Өтініш берушімен бір жағдай болып қалса, оның отбасы мүшелері шартты өз атына аударып, тұра береді. Жұмыс істейтін жастарға арналған бағдарлама бар. Оларға жалдамалы пәтерлер тек бес жылға ғана беріледі.
- Сонда арендалық баспананың ақысы қандай?
- Жалдамалы пәтердің ақысы пәтердің ауданына байланысты, шамамен, 5-15 мың теңгенің аралығында шығады. Бір бөлмелі пәтерге бес мыңдай төлеп тұру керек, коммуналдық төлемдері бар. Әдетте, бір, екі және үш бөлмелі пәтерлер болады. 2020 жылы төрт бөлмелі пәтерлер де болған. Біз оны отбасы мүшесінің санына қарай ұсынамыз.
- Арендалық баспананың қандай жағдайда алып қоюы мүмкін?
- Келісімшарт үш жағдайда бұзылады. Біріншіден, жалдамалы баспанада тұрып жатқан адамның атында жылжымайтын мүлік пайда болса, үйді жалға алу шарты тоқтатылады. Біз оны үнемі тексеріп отырамыз. Екіншіден, жалдамалы пәтер басқа біреуге жалға берілген жағдайда, оны арнайы мониторинг бөлімі қадағалайды. Олар инспекторлармен бірге тексеріс жасайды. Тәртіп бұзылса, акт рәсімделіп, жалға алу шарты бұзылады. Үшіншіден, жалдамалы пәтердің ақысы себепсіз алты ай бойы төленбесе, шартты бұзуға мәжбүр боламыз.
- Жақын арада жалдамалы пәтерлер бола ма?
- Иә, биыл беруі керек. Құрылыс басқармасының ақпараты бойынша қазір бірнеше нысанның құрылысы жүріп жатыр. Дайын болғанда балансқа алып, бірден конкурс жариялаймыз. Барлық ақпарат
ресми сайтымызда және басқа ресурстарда шығады. 2019 жылдан бастап жалдамалы пәтерлердің саны өсіп келеді. Орташа есеппен 1 000 жалдамалы пәтер тек кезекте тұрғандарға берілсе, 1050 пәтер жұмыс істейтін жастарға ұсынылады. Сонда бір жылда екі мың жалдамалы пәтер таратылады. Ал кредиттік баспананың саны одан әлдеқайда көп. Оны Отбасы банк біледі.
- Бірақ кезекте тұрған адамдарға арнайы қоңырау шалып, шақырмаймыз дейсіз ғой?
- Жоқ, қазір көп адам естімей қалдым, көрмей қалдым деп ренжиді. Бағдарлама өтіп кетті дейді. Бірақ кезекте тұрған адамдар көп. Біз әрбіреуіне жеке-жеке хабарласа алмаймыз. Кезекке бірінші болып тұрғандарға SMS-хабарлама жіберіледі. Алайда әрбір адамның өзі өтініш тапсыруға мүдделі болуы керек. Ол үшін сайтты және тағы басқа ақпараттық ресурстарды үнемі бақылап, конкурс туралы біліп жүру керек. Өйткені әрбір санаттың кезегіне қарайды. Мысалы, сіз құжаты тапсыруға үлгермей қалсаңыз да, бағдарламаға қатысқанда жалдамалы пәтерге өтетін едіңіз. Себебі кезектің басында тұрсыз.
- Әкімдік кезегінде ең көп тұрған адамдар қай жылдан бері баспанасын күтіп жүр?
- Бізде 2006 жылы кезекке тұрған адамдар бар. Олар конкурсқа қатыспайды. Жалдамалы пәтерді жекешелендіруге мүмкіндік жоқ деп, құжат тапсырмай отыр. Конкурсқа қатысса, оп-оңай өтіп кетеді. Себебі соңғы конкурстарда 2010-2012 жылдарға дейін кезекке тұрғандар, тіпті, көпбалалы отбасылар арасында 2019 жылға дейін тіркелгендер пәтерін алды. Ал "ешқайда жылжымай отырғандар" сатып алу құқығы болмаса, баспана алмаймыз дейді. Сатып алу құқығын беріңіздер, заңға өзгеріс енгізу керек дейді.
- Олар өзгеріс күтіп отыр ма?
- Иә, 2019 жылға дейін жалдамалы пәтерді сатып алу құқығы болған. Одан кейін алып тастады. Ол кісілер жекешелендірудің болғанын қалап отыр.
- Алдағы уақытта әкімдік кезегі Отбасы банкіне беріледі екен. Сонда баспана беру тәртібі өзгере ме?
- Жоспар бойынша өзгеріс болуы керек. Қазір бес санат бойынша кезекке тұрады дедік қой, ал Отбасы банкіне өткеннен кейін санаттар болмайды, кезек ай сайынғы жалақы мөлшеріне қарай жасалады. Мысалы, қазір бізге келетін кейбір адамдар баспана кезегіне тұрғысы келеді. Бірақ бірде-бір санатқа сәйкес келмейді. Ал жалақысы өте төмен, біз әлеуметтік осал топқа жатамыз, себебі айлығым ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайды дейді. Біз болсақ, оларды тіркей алмаймыз, өйткені көпбалалы отбасы емес, басқа да санатқа жатпайды.
Әкімдіктердің баспана кезегі Отбасы банкіне ауысқаннан кейін басқа жүйе болады. Адамдарды жалақыға қарап, кезекке тұрғызады. Ай сайынғы табысы төмен болса, есепке алады. Ал жетім бала белгілі бір санатқа кіріп тұрса да, жалақысы жоғары болған жағдайда кезекке тұра алмайды. Осылайша, баспана кезегінің тәртібі өзгерейін деп жатыр. Жалдамалы пәтерді тек табысы өте төмен адамдар ғана ала алады. Ал жалақысы жоғары болса, кредиттік бағдарламаларға жібереді.
- Демек, 2006 жылдан бері кезекте тұрған адамдарға еркелемей, тезірек қимылдау керек қой?
- Иә, біз де оларға алдағы уақытта жүйе өзгеретінін айтып жатырмыз. Әйтпесе, сол кезде жалдамалы пәтерді де ала алмай қалады. Тегін үй жоқ. Осыны түсініп алу керек. Баспана кезегі бойынша жалдамалы пәтерлер беріледі. Ал жеке меншік үй болсын десеңіз, кредиттік бағдарламаларға қатысу қажет.
- Кредиттік бағдарламалар демекші, кезекте тұрған азаматтарға тұрғын үй сертификаттары берілмей ме?
- Иә, ақшалай сертификаттар Отбасы банкі арқылы кредиттік бағдарламаларға қатысатын адамдарға беріледі. Оны алғашқы жарнаға қолдану қажет. Бүгінде сертификаттың мөлшері 1,5 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды. Бірақ нақты талап бар. Отбасының әрбір мүшесіне санағанда бір айлық табыстың көлемі 111 655 теңгеден аспауы керек. Үміткер осы талапқа сай келсе, "Шаңырақ" немесе "Бақытты отбасы" бағдарламалары бойынша алғашқы жарнаны тұрғын үй сертификатымен жаба алады.