Қоғам

"Алматы жастары" тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау 18 мамырда басталады

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2022
Жазылу
Баспана сатып алғысы келетіндерге жеңілдетілген 5%-тік несие беріледі
НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Алматылық жастар 18 мамырдан бастап "Алматы жастары" тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінім бере алады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты.
"Алматы жастары" бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау 18 мамырда басталып, 1 маусымға дейін жалғасады.
Бағдарлама аясында қатысушыларға жеңілдетілген 5%-пен 18 млн теңгеге дейін қарыз беріледі. Жастар жаңа үйлерді де, екінші нарықтағы үйлерді де сатып ала алады.
Бастапқы жарна – қарыз сомасының 10%-і, несиелеу мерзімі – 25 жылға дейін.
Үй, баспана - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2022
Экономика
Баспана нарығы 22 процентке бәсеңдеп қалды
Жаңалықтар
0