https://sputnik.kz/20220511/sabit-shontaqbaev-oqiga-man-zhayy-24750160.html
Баланы құтқарған Сәбит Шонтақбаев оқиғаның мән-жайын айтып берді
Баланы құтқарған Сәбит Шонтақбаев оқиғаның мән-жайын айтып берді
Sputnik Қазақстан
Оның айтуынша, қорқыныш пен үрейге уақыт та болған жоқ 11.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-11T13:12+0500
2022-05-11T13:12+0500
2022-05-11T13:29+0500
елорда тынысы
терезе
құтқару
https://sputnik.kz/img/1193/47/11934770_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_35193d672f85cc5c439bb87b57ebba65.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында 37 жастағы Сәбит Шонтақбаевтың ерлігі әлеуметтік желіде кеңінен тарап кетті. Ол 7-ші қабаттың сыртқы терезесіне ешбір құралсыз шығып, жоғары қабатта салбырап тұрған үш жасар қызды құтқарды. Sputnik Қазақстан тілшісі батылдық танытқан Сәбитке хабарласып, оқиғаның мән-жайын сұрап білді."Бар ойым баланы құтқару ғана болды" Сәбит Шонтақбаев астанаға жұмыс іздеп келді. Екі апта бұрын "Қамал-2" тұрғын үй кешенінен пәтерді жалға алған. "Мен өзім 8-ші кіреберісте пәтер жалдап тұрамын. Ал бүгінгі жағдай 2-ші кіреберісте болған", - дейді Сәбит. Ол сағат 10:00-ның кезінде үйінен шыққан. Сол кезде далада бірнеше адамды көрді. Барлығы жоғары жаққа қарап, айқайлап тұр екен. "Қарасам, жоғары қабатта бала салбырап тұр. Бар ойым тек баланы құтқару керек, болды. Содан бірден жетінші қабатқа көтеріліп, терезеден шықтым да, баланы қағып алдым. Баланы сол жетінші қабаттағы көршісіне қалдырдым да, жұмысқа асығып кетіп қалдым", - деп атап өтті Шонтақбаев. Оның айтуынша, қорқыныш пен үрейге уақыт та болған жоқ. "Шамамен, 10-15 минуттый салбырап тұрды-ау деймін. Баланың көрер жарығы бар екен, несібесі ғой", - дейді құтқарушы. "Төрт балам Қызылордада қалды" Сәбит бұрын әскерде келісімшартпен жұмыс істеген. Теміржол саласында да еңбек етті. Қазір Нұр-Сұлтанда жұмыс іздеп жүр. "Мен өзім моторист болып та істеген адаммын. 2017-2019 жылдары Қызылордада шекара әскерінде келісімшартпен жұмыс істедім. Оған дейін вагон депосында бригадир болдым. Ал астанаға құрылысқа жұмыс іздеп келдім. Бала-шағаны асырау керек", - деді Шонтақбаев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында. Сәбиттің төрт баласы бар. Төртеуі де Қызылордада қалды. Отбасы пәтер жалдап тұрады. Ал отағасы астанаға ақша табуға келген. "Шамамен, 15 күндей болды келгеніме. Қазір құрылыста қара жұмыс істеймін. Тұрақты жұмысым жоқ", - деді Сәбит. Осы кезде оған біреу телефонына қоңырау шалды. Ол кешірім сұрап, телефон тұтқасын қоя салды. Бүгін оны төтенше жағдайлар департаментіне шақырды. Баланы құтқарғаны үшін оны марапаттайды.Естеріңізге сала кетейік, бүгін 11 мамырда, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Сәбит Шонтақбаев қайсарлық танытып 8 қабаттың терезесіне ілініп тұрған үш жастағы қызды құтқарды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1193/47/11934770_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_0295999c7a392561fcdf309d326f2b17.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
терезе, құтқару
Баланы құтқарған Сәбит Шонтақбаев оқиғаның мән-жайын айтып берді
13:12 11.05.2022 (жаңартылды: 13:29 11.05.2022) Оның айтуынша, қорқыныш пен үрейге уақыт та болған жоқ
НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында 37 жастағы Сәбит Шонтақбаевтың ерлігі әлеуметтік желіде кеңінен тарап кетті. Ол 7-ші қабаттың сыртқы терезесіне ешбір құралсыз шығып, жоғары қабатта салбырап тұрған үш жасар қызды құтқарды.
Sputnik Қазақстан тілшісі батылдық танытқан Сәбитке хабарласып, оқиғаның мән-жайын сұрап білді.
"Бар ойым баланы құтқару ғана болды"
Сәбит Шонтақбаев астанаға жұмыс іздеп келді. Екі апта бұрын "Қамал-2" тұрғын үй кешенінен пәтерді жалға алған.
"Мен өзім 8-ші кіреберісте пәтер жалдап тұрамын. Ал бүгінгі жағдай 2-ші кіреберісте болған", - дейді Сәбит.
Ол сағат 10:00-ның кезінде үйінен шыққан. Сол кезде далада бірнеше адамды көрді. Барлығы жоғары жаққа қарап, айқайлап тұр екен.
"Қарасам, жоғары қабатта бала салбырап тұр. Бар ойым тек баланы құтқару керек, болды. Содан бірден жетінші қабатқа көтеріліп, терезеден шықтым да, баланы қағып алдым. Баланы сол жетінші қабаттағы көршісіне қалдырдым да, жұмысқа асығып кетіп қалдым", - деп атап өтті Шонтақбаев.
Оның айтуынша, қорқыныш пен үрейге уақыт та болған жоқ.
"Шамамен, 10-15 минуттый салбырап тұрды-ау деймін. Баланың көрер жарығы бар екен, несібесі ғой", - дейді құтқарушы.
"Төрт балам Қызылордада қалды"
Сәбит бұрын әскерде келісімшартпен жұмыс істеген. Теміржол саласында да еңбек етті. Қазір Нұр-Сұлтанда жұмыс іздеп жүр.
"Мен өзім моторист болып та істеген адаммын. 2017-2019 жылдары Қызылордада шекара әскерінде келісімшартпен жұмыс істедім. Оған дейін вагон депосында бригадир болдым. Ал астанаға құрылысқа жұмыс іздеп келдім. Бала-шағаны асырау керек", - деді Шонтақбаев
Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Сәбиттің төрт баласы бар. Төртеуі де Қызылордада қалды. Отбасы пәтер жалдап тұрады. Ал отағасы астанаға ақша табуға келген.
"Шамамен, 15 күндей болды келгеніме. Қазір құрылыста қара жұмыс істеймін. Тұрақты жұмысым жоқ", - деді Сәбит.
Осы кезде оған біреу телефонына қоңырау шалды. Ол кешірім сұрап, телефон тұтқасын қоя салды.
Бүгін оны төтенше жағдайлар департаментіне шақырды. Баланы құтқарғаны үшін оны марапаттайды.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін 11 мамырда, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Сәбит Шонтақбаев қайсарлық танытып 8 қабаттың терезесіне ілініп тұрған үш жастағы
қызды құтқарды.