https://sputnik.kz/20220511/elorda-turgyny-tereze-bala-24748852.html
Елорда тұрғыны өмірін қауіпке тігіп, терезеден құлағалы тұрған баланы құтқарды
Елорда тұрғыны өмірін қауіпке тігіп, терезеден құлағалы тұрған баланы құтқарды
Sputnik Қазақстан
37 жастағы қала тұрғыны марапатқа ұсынылды 11.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-11T12:31+0500
2022-05-11T12:31+0500
2023-08-09T12:22+0500
елорда тынысы
терезе
бала
астана
https://sputnik.kz/img/641/85/6418507_0:64:1920:1144_1920x0_80_0_0_98907b2331e5cbb5ca86048b710ce8b8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Сәбит Шонтақбаев қайсарлық танытып 8 қабаттың терезесіне ілініп тұрған үш жастағы қызды құтқарды.Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға, бүгін, 11 мамырда болған."Ұлы дала 27/1 мекенжайындағы үйдің терезесінен баланың құлап кетейін деп тұрғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеті құтқарушысы мен екі техника аттанды", - делінген хабарламада.Алайда құтқарушылар жеткенге дейін баланы жетінші қабатта тұратын көршісі құтқарып үлгерген.2019 жылы туған қыз бала үйде ата-анасымен болған. Алайда сол сәтте бала жалғыз қалған, деп нақтылады департаменттегілер.Жетінші қабатта тұратын Сәбит Шонтақбаев есімді азамат өз өмірін қауіпке тігіп баланы ілініп тұрған жерден түсіріп алды.37 жастағы қала тұрғыны марапатқа ұсынылды.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/641/85/6418507_156:0:1863:1280_1920x0_80_0_0_dac3341641ea181660107a9ac901018c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
терезе, бала, астана
Елорда тұрғыны өмірін қауіпке тігіп, терезеден құлағалы тұрған баланы құтқарды
12:31 11.05.2022 (жаңартылды: 12:22 09.08.2023) 37 жастағы қала тұрғыны марапатқа ұсынылды
НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Сәбит Шонтақбаев қайсарлық танытып 8 қабаттың терезесіне ілініп тұрған үш жастағы қызды құтқарды.
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға, бүгін, 11 мамырда болған.
"Ұлы дала 27/1 мекенжайындағы үйдің терезесінен баланың құлап кетейін деп тұрғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеті құтқарушысы мен екі техника аттанды", - делінген хабарламада.
Алайда құтқарушылар жеткенге дейін баланы жетінші қабатта тұратын көршісі құтқарып үлгерген.
2019 жылы туған қыз бала үйде ата-анасымен болған. Алайда сол сәтте бала жалғыз қалған, деп нақтылады департаменттегілер.
Жетінші қабатта тұратын Сәбит Шонтақбаев есімді азамат өз өмірін қауіпке тігіп баланы ілініп тұрған жерден түсіріп алды.
37 жастағы қала тұрғыны марапатқа ұсынылды.