Нұр-Сұлтанда 3 жасар қызды құтқарып қалған Сәбит Шонтақбаев марапатталды
16:12 11.05.2022 (жаңартылды: 16:39 11.05.2022)
© Photo : Пресс-служба МЧС Казахстана Сәбит Шонтақбаев "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісімен марапатталды
© Photo : Пресс-служба МЧС Казахстана
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі 8-қабаттың терезесінен құлап кете жаздаған баланы құтқарып қалған Сәбит Шонтақбаевты "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісімен марапаттады.
© Photo : Пресс-служба МЧС Казахстана Сәбит Шонтақбаев "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісімен марапатталды
Сәбит Шонтақбаев "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісімен марапатталды
© Photo : Пресс-служба МЧС Казахстана
Төсбелгіні бірінші вице-министр, генерал-лейтенант Ибрагим Күлшімбаев табыстады.
"Азаматтық қорғау жүйесінің қызметкерлері көппәтерлі үйлердің терезесінен балалардың құлауына байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізсе де, ондай оқиғалар әлі де тіркеліп жатыр. Өкінішке қарай, жыл сайын 120-дай оқиға тіркеледі. Биыл бес айдың ішінде республика бойынша 26, соның ішінде Нұр-Сұлтанда 6 оқиға болған. Бүгін Сәбит Серікұлы бір баланы аман алып қалды", - деді Күлшімбаев.
Сәбит Шонтақбаевтың өзі жасаған ісін ерлік деп санамайтынын жеткізді.
"Мен оны ерлік деп санамаймын. Әрбір азаматтың парызы деп білемін. Менің айтарым осы, барлығыңызға рақмет!", - деді Шонтақбаев.
© Photo : Пресс-служба МЧС Казахстана "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісі
"Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісі
© Photo : Пресс-служба МЧС Казахстана
Министрліктің мәліметінше, 11 мамыр күні сағат 10.21-де Ұлы Дала көшесі, 27/1 мекенжайында 8-қабатта баланың ілініп тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жедел түрде Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары – жеке құрамның 7 адамы мен 2 техникасы жөнелтілді.
Құтқарушылар келген уақытта 2019 жылы туған қызды ер адамның құтқарып қалғаны анықталған.
Сәбит Шонтақбаев жылап тұрған баланы көріп, өз өміріне қауіп төндіре отырып, санаулы секундтарда кішкентай қыздың өмірін сақтап қалды.