Саясат

Тоқаев мемлекеттік сапармен Түркияға барды

© Официальный сайт Президента КазахстанаТоқаев
Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына мемлекеттік сапармен барды.
Түркия астанасындағы "Есенбоға" халықаралық әуежайында Тоқаевты Түркияның вице-президенті Фуат Октай, Анкара губернаторы Васип Шахин және басқа да бірқатар ресми тұлғалар күтіп алды.
Мемлекет басшысы Анкарадағы екі күндік сапары барысында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, түркиялық ірі бизнес өкілдерімен өтетін бизнес-форумға қатысады.
Тоқаев Отан Ана монументіне гүл шоғын қойды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2022
Тоқаев "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойды
Жаңалықтар
0