Тоқаев "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойды

© Официальный сайт Президента КазахстанаТоқаев "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойды
Тоқаев Отан Ана монументіне гүл шоғын қойды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.
Мемлекет басшысы Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза болған қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етті.
© Photo : Ақорданың ресми сайтыҚасым-Жомарт Тоқаев ардагерлермен әңгімелесті
Қасым-Жомарт Тоқаев ардагерлермен әңгімелесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2022
Қасым-Жомарт Тоқаев ардагерлермен әңгімелесті
Содан кейін Республикалық гвардияның оркестрі Мемлекеттік әнұранды орындады, Құрметті қарауыл ротасы Қарулы күштердің Жоғарғы бас қолбасшысының, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің алдынан салтанатты шерумен жүріп өтті.
Рәсім соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ардагерлермен әңгімелесті. Президент оларды Жеңіс күнімен құттықтап, барша қазақстандықтарға зор денсаулық, бақыт, ашық аспан тіледі.
Жаңалықтар
0