https://sputnik.kz/20220510/qostanay-ort-totenshe-zhagday-24737519.html
Қостанайдағы өрт: төтенше жағдай салдары қалай жойылады
Қостанайдағы өрт: төтенше жағдай салдары қалай жойылады
Sputnik Қазақстан
Бүгіннен бастап өртенген мүлік құнын анықтау жұмыстары қолға алынады 10.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-10T16:41+0500
2022-05-10T16:41+0500
2022-05-10T18:15+0500
оқиға
қостанай
өрт
төтенше жағдай
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0a/24728720_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_af43f7f7cc68a8f3ceaeacd775b01408.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Қостанайда болған өрт қалалық деңгейдегі төтенше жағдай деп танылды. Бұл туралы қала әкімі Марат Жүндібаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бүгін қала басшысы Набережная көшесінде өрттен зардап шеккен тұрғындармен кездесті. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары Ғауез Нұрмұхамбетов, Виктор Ионенко мен Ерлан Спанов та қатысқан. Алдын ала ақпарат бойынша өрт салдарынан 12 тұрғын үй, шаруашылық нысандар, 3 жеңіл және 1 жүк көлігі өртенді. "Бұл жағдай қалалық ауқымдағы төтенше жағдай деп танылды. Қазіргі уақытта төтенше жағдайды жою жөніндегі қалалық штабтың, сондай-ақ, төтенше жағдай жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті. Мемлекеттік органдарға зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету бойынша жедел жұмысты ұйымдастыру жөнінде тиісті тапсырмалар берілді", - деп жазды Жүндібаев әлеуметтік желідегі парақшасында. Бүгіннен бастап өртенген мүліктің құнын анықтау жұмыстары қолға алынады. Оған тәуелсіз сарапшылар да тартылады. Олар қысқа мерзімде қорытынды беруге тиіс. Бұдан бөлек, жұмыспен қамту бөлімі әрбір зардап шеккен отбасыға 70 АЕК (214 410 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетуге кірісті. Сондай-ақ, азық-түлікпен материалдық көмек көрсетіле бастаған."7 оқушы үшін тегін ыстық тамақ ұйымдастырылады, кеңсе тауарлары, киім сатып алынады. Сондай-ақ 2 кәмелетке толмаған студент қажетті киіммен қамтамасыз етіледі", - дейді Жүндібаев.
https://sputnik.kz/20220510/qostanayda-iri-ort-boldy-11-uy-zhanyp-ketti-24728137.html
қостанай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0a/24728720_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_507d25b7b13f018b424e1b1bf791542d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай, өрт, төтенше жағдай
қостанай, өрт, төтенше жағдай
Қостанайдағы өрт: төтенше жағдай салдары қалай жойылады
16:41 10.05.2022 (жаңартылды: 18:15 10.05.2022) Бүгіннен бастап өртенген мүлік құнын анықтау жұмыстары қолға алынады
НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Қостанайда болған өрт қалалық деңгейдегі төтенше жағдай деп танылды. Бұл туралы қала әкімі Марат Жүндібаев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Бүгін қала басшысы Набережная көшесінде өрттен зардап шеккен тұрғындармен кездесті. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары Ғауез Нұрмұхамбетов, Виктор Ионенко мен Ерлан Спанов та қатысқан. Алдын ала ақпарат бойынша өрт салдарынан 12 тұрғын үй, шаруашылық нысандар, 3 жеңіл және 1 жүк көлігі өртенді.
"Бұл жағдай қалалық ауқымдағы төтенше жағдай деп танылды. Қазіргі уақытта төтенше жағдайды жою жөніндегі қалалық штабтың, сондай-ақ, төтенше жағдай жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті. Мемлекеттік органдарға зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету бойынша жедел жұмысты ұйымдастыру жөнінде тиісті тапсырмалар берілді", - деп жазды Жүндібаев әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бүгіннен бастап өртенген мүліктің құнын анықтау жұмыстары қолға алынады. Оған тәуелсіз сарапшылар да тартылады. Олар қысқа мерзімде қорытынды беруге тиіс.
"Алғашқы қажетті көмек ретінде әрбір отбасына тартылған қаражат есебінен 200 мың теңгеден төленді", - деп атап көрсетті қала әкімі.
Бұдан бөлек, жұмыспен қамту бөлімі әрбір зардап шеккен отбасыға 70 АЕК (214 410 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетуге кірісті. Сондай-ақ, азық-түлікпен материалдық көмек көрсетіле бастаған.
"7 оқушы үшін тегін ыстық тамақ ұйымдастырылады, кеңсе тауарлары, киім сатып алынады. Сондай-ақ 2 кәмелетке толмаған студент қажетті киіммен қамтамасыз етіледі", - дейді Жүндібаев.