https://sputnik.kz/20220510/qostanayda-iri-ort-boldy-11-uy-zhanyp-ketti-24728137.html
Қостанайда ірі өрт болды: 11 үй жанып кетті
Қостанайда ірі өрт болды: 11 үй жанып кетті
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Қостанайда тоғызыншы мамырда ірі өрт шығып, 11 тұрғын үй жанып кетті. 10.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-10T09:04+0500
2022-05-10T09:04+0500
2022-05-10T09:34+0500
өрт
өңірлер
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0a/24728720_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_af43f7f7cc68a8f3ceaeacd775b01408.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Қостанайда тоғызыншы мамырда ірі өрт шығып, 11 тұрғын үй жанып кетті. Жергілікті "Қостанай жаңалықтары" басылымының хабарлауынша, сағат 17:23-те Қостанай қаласының шетінде Тобыл өзенінің бойындағы қамыстан өрт шыққан. Қатты желдің салдарынан от Набережный көшесіндегі тұрғын үйлер мен ауладағы құрылыстарға тарайды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, өрттен 11 үй, 6 шаруашылық қора-жай және 4 көлік (оның біреуі жүк көлігі) толығымен жанып кетті. 2 үй бүлінген, зардап шеккен құрылыстардың жалпы аумағы - 1000 шаршы метр. Қатты жел мен түтін, сонымен қатар үйлер мен қора-жайлардың жақын орналасуы өртті сөндіруге кедергі келтірген. Қызыл жалын сағат 21:24-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. 25 адам эвакуацияланған. Қостанай қаласының әкімдігі тұрғындарды "Дружба" профилакториясына орналастырды. Алдағы уақытта оларға көмек көрсетіледі. Өрттің себебі мен шығыны анықталып жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0a/24728720_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_507d25b7b13f018b424e1b1bf791542d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өрт
Қостанайда ірі өрт болды: 11 үй жанып кетті
09:04 10.05.2022 (жаңартылды: 09:34 10.05.2022) НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Қостанайда тоғызыншы мамырда ірі өрт шығып, 11 тұрғын үй жанып кетті.
Жергілікті
"Қостанай жаңалықтары" басылымының хабарлауынша, сағат 17:23-те Қостанай қаласының шетінде Тобыл өзенінің бойындағы қамыстан өрт шыққан. Қатты желдің салдарынан от Набережный көшесіндегі тұрғын үйлер мен ауладағы құрылыстарға тарайды.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, өрттен 11 үй, 6 шаруашылық қора-жай және 4 көлік (оның біреуі жүк көлігі) толығымен жанып кетті. 2 үй бүлінген, зардап шеккен құрылыстардың жалпы аумағы - 1000 шаршы метр.
Қатты жел мен түтін, сонымен қатар үйлер мен қора-жайлардың жақын орналасуы өртті сөндіруге кедергі келтірген. Қызыл жалын сағат 21:24-те толығымен сөндірілді.
Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. 25 адам эвакуацияланған. Қостанай қаласының әкімдігі тұрғындарды "Дружба" профилакториясына орналастырды. Алдағы уақытта оларға көмек көрсетіледі.
Өрттің себебі мен шығыны анықталып жатыр.