Қоғам

Ай сайынғы кредитті төлей алмаған жағдайда не істеу керек

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2022
Жазылу
Өмір болған соң, адамның басынан неше түрлі жағдай өтеді: жұмыссыз қалады, жалақысы қысқарады, денсаулығы сыр береді. Осы кезде адамның қаржылық жағдайы нашарлап, банктен алған несиесін төлеуге шамасы жетпейді. Ай сайынғы төлемін кешіктіріп, қарызға батады. Кредитор алдындағы міндеттемелерді орындауға мүмкіндігіңіз болмаса, не істеу керек? Толығырақ Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.

Алғашқы қадам

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ақпаратынша, былтыр берешегі бар қазақстандықтарға кредитті қайта құрылымдау мәселесін тікелей кредитормен шешу мүмкіндігі берілді. Яғни 2021 жылғы 1 қазаннан бастап қарыз алған жеке тұлғалардың проблемалық берешегін реттеудің бірыңғай құқықтық режимі енгізілді. Осы режимге сәйкес, банк немесе микроқаржы ұйымы қарыз алушыны кредит төлеу мерзімін өткізіп алған күннен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде хабардар етуге міндетті.
Айта кетері, кредитті қайта құрылымдау дегеніміз — клиенттің қалтасына салмақ түсірмеу үшін қолданыстағы келісімшарттың талаптарын өзгерту (несие мерзімін, сыйақысын, валютасын өзгерту және тағы басқа).
Банкке берешек болып қалған азамат та құр босқа отырмай, әрекет етуге тиіс. Ол үшін банкке қарыз болған күннен бастап бір ай ішінде әлгі қаржы ұйымына өтініш жазу керек. Өтініште кредитті неге уақытында төлей алмағанын түсіндіріп, келісімшарт шарттарын өзгертуге қатысты ұсыныстарын беруі қажет.
Кредитті төлеуді жеңілдететін ұсыныстар:
сыйақы мөлшерлемесін төмендету;
несие валютасын ауыстыру;
негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыру;
берешекті өтеу әдісін өзгерту;
келісімшарттың қолданылу мерзімін өзгерту;
мерзімі өткен негізгі борышты, сыйақыны кешіру, айыппұлдар мен өсімпұлдарды алып тастау.
Банк өтінішті тіркеп, 15 күн ішінде қарап, жазбаша түрде жауап беруге тиіс. Кредиттік ұйым сіздің ұсыныстарыңызбен келісуі де, келіспеуі де мүмкін немесе өз жолдарын ұсынады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2022
Қоғам
Алаяқтар енді бір күнде бірнеше банктен кредит ала алмайды – заң жобасы мақұлданды
Заң бойынша банктер немесе микроқаржы ұйымдары кредитті қайта құрылымдау кезінде қарыз алушының әлеуметтік жағдайы, табысының төмендеуі, кепілдегі жалғыз баспанасы, несие бойынша міндеттемелерін адал орындауы сияқты факторларды ескеруге міндетті.
Егер ипотекасы бар қарыз алушы кредитті қайта құрылымдау бойынша кредитормен келісімге келе алмаса, онда ол Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгіне алады. Бұл кезеңде кредитор халықтың әлеуметтік әлжуаз тобына жататын борышкердің кепілдегі мүлкін өндіріп алу процедурасын бастай алмайды.

Берешегі барларға не істеуге болмайды

Кредитордан, яғни банктен жасырынуға болмайды. Банк қарыз пайда болған кезде борышкерге несиені өтеу туралы хабарлама жібереді. Хабарламада берешек сомасы мен кредит төлемеудің салдары жайлы ақпарат көрсетіледі.
Егер борышкер банкпен байланысқа шықпаса, қаржы ұйымы айыппұл, өсімпұл есептейді, тіпті сот арқылы өндіріп алуға кіріседі. Бұдан бөлек, берешекті өндіріп алуға коллектор агенттігін тартуы мүмкін.

Егер кредит төлемесеңіз

Біріншіден, банк несие төлемегеніңіз жайлы ақпаратты кредиттік бюроға беруге мәжбүр болады. Кейін бұл ақпарат сіздің несие тарихыңызда көрініп тұрады.
Екіншіден, егер кредит кепілді болса, онда борышкердің кепіл мүлкі сот арқылы немесе сотқа дейінгі тәртіпте сатылады.
Сондай-ақ кредитор төлем талабын (егер бұл келісімшартта көзделсе) қоюы мүмкін. Сол кезде борышкердің банктік шотынан, мысалы жалақысынан, белгілі бір сома шешіледі. Бірақ жеке тұлғаның ағымдағы шотында жатқан ақша ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз болмауы керек.
Калькулятор - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2022
Экономика
Қандай жағдайда кредит кешіріледі – қаржы министрлігі түсіндірді
Үшіншіден, борышкер шетелге шыға алмайды. Ол сот орындаушының қаулысымен шетелге шығуға шектеу қойылған азаматтар тізіміне енуі мүмкін. Борышкердің Қазақстаннан шығуын уақытша шектеу туралы қаулыны сот санкциялауға тиіс.
Сот санкциялағаннан кейін борышкер қаулының көшірмесін алады. Сондай-ақ, бұл құжат шекара қызметіне де жіберіледі. Борышкер қарыздың өтелгенін растағанға дейін шекара қызметі оны елден шығармайды.
Жаңалықтар
0