https://sputnik.kz/20220427/alayaqtar-bank-kredit-mazhilis-zan-24501929.html
Алаяқтар енді бір күнде бірнеше банктен кредит ала алмайды – заң жобасы мақұлданды
Алаяқтар енді бір күнде бірнеше банктен кредит ала алмайды – заң жобасы мақұлданды
Sputnik Қазақстан
Банктер Бірыңғай кредиттік бюроға кредиттер туралы ақпаратты қазіргідей 15 жұмыс күні емес, 1 жұмыс күні ішінде беруге міндеттеледі 27.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-27T17:39+0500
2022-04-27T17:39+0500
2022-04-27T17:39+0500
банктер
қоғам
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15703845_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_7ac855a0413b0f5624bece94b22a2148.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Парламент мәжілісі біреудің атынан бірнеше банктен заңсыз кредит алатын алаяқтарға тосқауыл қоятын заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қазақстанда интернет-алаяқтыққа байланысты тәуекелдерді төмендету және қарыз алушылардың борыштық жүктемесін бақылау мақсатында кредиттік бюроларға ақпарат ұсыну мерзімін 15 жұмыс күнінен 1 жұмыс күніне дейін қысқартуды көздеп отыр.Мұндай норма сақтандыру нарығы мен бағалы қағаздар нарығын реттеу және дамыту мәселелері туралы заң жобасында қарастырылған.Депутат Дания Еспаевның айтуынша, бүгінде елімізде кредит алу саласында алаяқтық фактілері жиілеп кетті. Өйткені қолданыстағы заңға сәйкес, банктер мен микроқаржы ұйымдары кредиттер туралы ақпаратты бірыңғай кредиттік бюроға 15 күн ішінде береді. Ал депутаттардың түзетуінен кейін берілген кредиттер туралы мәлімет бір күн ішінде тіркеледі."Бұрын бір күнде бес-алты банктен кредит алып келген азаматтар енді олай істей алмайды. Себебі Бірінші кредиттік бюродан қарыз алушының бір банктен несие алғаны көрініп тұрады. Әлгі адамның борыш жүктемесі есептеледі. Банк кредиттік бюро базасынан оның басқа банктен несие алып қойғанын көріп, ай сайынғы табысы оны төлеуге жетпесе, кредитті мақұлдамайды", - деп түсіндірді Еспаева мәжіліс кулуарында.Депутаттар сақтандыру нарығы мен бағалы қағаздар нарығын реттеу және дамыту мәселелері туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.
https://sputnik.kz/20220424/alayaqtar-kredit-ne-isteu-kerek-24419432.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15703845_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_240136b05bbed44cc4a7c66dbffffccf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
банктер
Алаяқтар енді бір күнде бірнеше банктен кредит ала алмайды – заң жобасы мақұлданды
Банктер Бірыңғай кредиттік бюроға кредиттер туралы ақпаратты қазіргідей 15 жұмыс күні емес, 1 жұмыс күні ішінде беруге міндеттеледі
НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Парламент мәжілісі біреудің атынан бірнеше банктен заңсыз кредит алатын алаяқтарға тосқауыл қоятын заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстанда интернет-алаяқтыққа байланысты тәуекелдерді төмендету және қарыз алушылардың борыштық жүктемесін бақылау мақсатында кредиттік бюроларға ақпарат ұсыну мерзімін 15 жұмыс күнінен 1 жұмыс күніне дейін қысқартуды көздеп отыр.
Мұндай норма сақтандыру нарығы мен бағалы қағаздар нарығын реттеу және дамыту мәселелері туралы заң жобасында қарастырылған.
Депутат Дания Еспаевның айтуынша, бүгінде елімізде кредит алу саласында алаяқтық фактілері жиілеп кетті. Өйткені қолданыстағы заңға сәйкес, банктер мен микроқаржы ұйымдары кредиттер туралы ақпаратты бірыңғай кредиттік бюроға 15 күн ішінде береді. Ал депутаттардың түзетуінен кейін берілген кредиттер туралы мәлімет бір күн ішінде тіркеледі.
"Бұрын бір күнде бес-алты банктен кредит алып келген азаматтар енді олай істей алмайды. Себебі Бірінші кредиттік бюродан қарыз алушының бір банктен несие алғаны көрініп тұрады. Әлгі адамның борыш жүктемесі есептеледі. Банк кредиттік бюро базасынан оның басқа банктен несие алып қойғанын көріп, ай сайынғы табысы оны төлеуге жетпесе, кредитті мақұлдамайды", - деп түсіндірді Еспаева мәжіліс кулуарында.
Депутаттар сақтандыру нарығы мен бағалы қағаздар нарығын реттеу және дамыту мәселелері туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.