Қоғам

Қазақстан Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2022
Жазылу
Биыл Қарулы күштердің 30 жылдығы құрметіне әскери парад өтпейді, қазақстандықтар қатарынан төрт күн демалады
НҰР-СҰЛТАН, 7 мамыр – Sputnik. Қазақстандықтар бүгін, 7 мамыр Отан қорғаушы күнін атап өтіп жатыр. Еліміздің Қарулы күштеріне биыл 30 жыл толды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы күштері тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 1992 жылы 7 мамырда құрылды. Ал 2012 жылы бұл дата мемлекеттік мәртебе иеленді. Қазақстан Қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы – ел президенті.
Жыл сайын мемлекет басшысы мереке қарсаңында әскерилер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттайды. Бұл дәстүр биыл да үзілген жоқ. Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендерді табыстады.
"Биыл Қазақстан Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы кезеңде әскеріміз айбынды армияға айналды. Қырағы жауынгерлеріміз ел шебін қас қақпай күзетіп тұр. Олар мемлекеттігімізді нығайтуға зор еңбек сіңіруде. Қарулы күштеріміз – Тәуелсіздіктің мызғымас тұғыры, елдіктің берік қалқаны", - деді президент.
қарулы күштер - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2022
Тоқаев Қарулы күштер басшылығымен кездесті: әскерді қарумен қайта жабдықтау талқыланды
Тоқаев қазіргі геосаяси тұрақсыздық пен қауіп-қатер жағдайында қазақстандықтарды мемлекетіміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтауға дайын болуға шақырды.

Әскери парад өтпейді

Осы жылы Қарулы күштердің құрылғанына 30 жыл толуына орай әскери парад өтпейді. Қорғаныс министрлігі бюджетті үнемдеп, жауынгерлік әзірлікке көңіл бөлуді жөн көрген. Ал Қарулы күштер алдында тұрған маңызды міндеттерді орындауға да қомақты қаражат қажет.
Айта кетері, үкімет бұған дейін бір әскери парадқа бюджеттен 4 млрд теңге жұмсап келген.
Қазақстанда пандемияға байланысты әскери парад соңғы екі жылда өткізілген жоқ. Мерекелік шаралардың дені онлайн форматта өтті.
Биыл қазақстандықтар Отан қорғаушы күні және Жеңіс күніне орай қатарынан төрт күн – 7, 8, 9 және 10 мамыр демалады.

Елордалықтар мейрамды қалай тойлайды

Отан қорғаушы күніне орай ел астанасы – Нұр-Сұлтанда бірқатар мерекелік іс-шара жоспарланған. Олар қаланың барлық ауданында өтеді.
Дәлірек айтқанда, елорданың бес алаңында әртістер мен шығармашылық ұжымдар қала тұрғындары мен қонақтары үшін концерт өткізеді. Оны Студенттер саябағында, Жазушылар аллеясында, Demalys Promenade аумағында және "Бәйтерек" монументі жанында кешкі алтыдан түнгі онға дейін тамашалауға болады.
Празднование Дня Победы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2022
Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлері қанша теңгеден алады
Сондай-ақ, кешкі бесте Амфитеатрда Ұлттық әскери-патриоттық орталығы "Қуатты армия – қуатты Қазақстан" концертін береді. Бағдарламада Орталық әскери оркестр мен ансамбльдің қойылымдары жоспарланған.
Сондай-ақ, 7 мамырда Demalys Promenade аумағында жеңіл атлетикадан эстафета ұйымдастырылады. Оған мектеп оқушылары мен студенттер қатысады. Олар 14 кезеңнен тұратын 5 335 метр қашықтықты жүгіріп өтеді.
Астаналық цирк айтулы даталарға орай көрермендер үшін арнайы цирк бағдарламасын дайындап отыр.
"Жастар" театры 7 мамырда "Жанарымдағы жалғыз әуен" қойылымын, 8 мамырда "Ғашықтар" драмасын назарға ұсынады. Қуыршақ театры да көрермендерді қуантпақ.
Жаңалықтар
0