https://sputnik.kz/20220302/memleket-basshysy-qaruly-kushter-23234253.html
Тоқаев Қарулы күштер басшылығымен кездесті: әскерді қарумен қайта жабдықтау талқыланды
Тоқаев Қарулы күштер басшылығымен кездесті: әскерді қарумен қайта жабдықтау талқыланды
Sputnik Қазақстан
Қорғаныс министрлігіне әскери күштерді пайдаланудың жаңа әдістерін енгізу арқылы жауынгерлік дайындық бағдарламасын қайта қарау тапсырылды 02.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-02T14:42+0500
2022-03-02T14:42+0500
2023-08-09T17:19+0500
қасым-жомарт тоқаев
қазақстанның қарулы күштері
https://sputnik.kz/img/1182/58/11825898_0:0:1198:674_1920x0_80_0_0_725f92b566dc21038fd1163710efd35c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Қазақстан Республикасының президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының төрағалығымен қорғаныс министрлігінде армияны одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылығына әскери қауіпсіздіктің қазіргі жағдайын ескере отырып, Қарулы күштердің құрылымы мен құрамын жаңғырту жөнінде тапсырма берді. Сонымен қатар заманауи цифрлық тәсілдер арқылы әскери басқару жүйесін жетілдіру қажет екеніне назар аударды.Жиында Қазақстан әскерін заманауи әрі жоғары технологиялы қару түрлерімен, әскери техникамен қайта жабдықтау мәселелері талқыланды. Қорғаныс министрлігіне әскери күштерді пайдаланудың жаңа әдістерін енгізу арқылы жауынгерлік дайындық бағдарламасын қайта қарау тапсырылды.Мемлекет басшысы әскери қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру, меритократия қағидаты негізінде мансапты өсіру мақсатымен әскери білім беру және кадрлық саясат жүйесін дамыту мәселелеріне баса мән берді. Президент әскери қызметшілер мен әскери қызметтің әлеуметтік мәртебесін арттыру және жастарды әскери борышын өтеуге ынталандыру қажеттігі туралы айтты.Жиын соңында Жоғарғы Бас қолбасшы мемлекеттің мүддесін және әрбір азаматтың қауіпсіздігін қорғау Қарулы күштердің міндеті екенін атап өтті.
https://sputnik.kz/20201030/Turan-armiyasy-qorganys-ministrligi-15340375.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1182/58/11825898_131:0:1198:800_1920x0_80_0_0_d49653efc99f4101abc47efe78e82d3c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, қазақстанның қарулы күштері
қасым-жомарт тоқаев, қазақстанның қарулы күштері
Тоқаев Қарулы күштер басшылығымен кездесті: әскерді қарумен қайта жабдықтау талқыланды
14:42 02.03.2022 (жаңартылды: 17:19 09.08.2023) Қорғаныс министрлігіне әскери күштерді пайдаланудың жаңа әдістерін енгізу арқылы жауынгерлік дайындық бағдарламасын қайта қарау тапсырылды
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Қазақстан Республикасының президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының төрағалығымен қорғаныс министрлігінде армияны одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды Ақорданың
ресми сайты. Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылығына әскери қауіпсіздіктің қазіргі жағдайын ескере отырып, Қарулы күштердің құрылымы мен құрамын жаңғырту жөнінде тапсырма берді. Сонымен қатар заманауи цифрлық тәсілдер арқылы әскери басқару жүйесін жетілдіру қажет екеніне назар аударды.
Жиында Қазақстан әскерін заманауи әрі жоғары технологиялы қару түрлерімен, әскери техникамен қайта жабдықтау мәселелері талқыланды. Қорғаныс министрлігіне әскери күштерді пайдаланудың жаңа әдістерін енгізу арқылы жауынгерлік дайындық бағдарламасын қайта қарау тапсырылды.
Мемлекет басшысы әскери қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру, меритократия қағидаты негізінде мансапты өсіру мақсатымен әскери білім беру және кадрлық саясат жүйесін дамыту мәселелеріне баса мән берді. Президент әскери қызметшілер мен әскери қызметтің әлеуметтік мәртебесін арттыру және жастарды әскери борышын өтеуге ынталандыру қажеттігі туралы айтты.
Жиын соңында Жоғарғы Бас қолбасшы мемлекеттің мүддесін және әрбір азаматтың қауіпсіздігін қорғау Қарулы күштердің міндеті екенін атап өтті.