Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанның сол жағалауында екі көше уақытша жабылады

© Sputnik / Владислав ВодневВиды города Нур-Султан с высоты птичьего полета
Виды города Нур-Султан с высоты птичьего полета - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2022
Жазылу
Кептелісте тұрмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет
АЛМАТЫ, 7 мамыр - Sputnik. Қабанбай батыр даңғылы мен Бөкейхан көшесінде орташа жөндеу жұмыстарына байланысты жолдар жабылады, деп хабарлады Нұр-сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
Жөндеу жұмыстары қалалық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасымен келісілген.
"7-9 мамыр аралығында Бөкейхан көшесі мен 8-9 мамыр аралығында Қабанбай батыр даңғылында Қабанбай батыр даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында, сондай-ақ Jusan Bank ауданындағы Бөкейхан мен Сығанақ көшелерінің арасында қозғалыс толығымен жабылады", - деп хабарлады басқарма.
Кептелісте тұрмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2022
Өңірлер
Алматыда жаңа көшелер пайда болады
Жаңалықтар
0