Өңірлер

Алматыда жаңа көшелер пайда болады

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2022
Жазылу
Көшелер "Нұркент", "Ерменсай", "Нұр Алатау", "Нұрлытау" және "Алатау" шағын аудандарында орналасқан
НҰР-СҰЛТАН, 7 мамыр – Sputnik. Алматыда жаңа көшелер пайда болады.
Алатау, Бостандық және Медеу аудандарындағы көшелерге көрнекті мәдениет және ғылым қайраткерлерінің есімдері берілді. Қалалық мәслихат депутаттары олардың аттарын бекітті, деп хабарлады қала әкімдігі.
"Олардың арасында қазақ Олимпиада ойындарының алғашқы чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, композитор Қаршыға Ахмедиярұлы, академик және композитор Ғазиза Ахметқызы, Қазақ КСР Халық әртісі Роза Үмбетқызы, ақын және публицист Мәшһүр Жүсіп, этнолог және шығыстанушы Лев Гумилев және басқа да көрнекті қайраткерлер бар", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ көшелердің бірінің атауы Түркияның бұрынғы премьер-министрі, саясаткер Аднан Мендереске берілді. Ол ХХ ғасырдың ортасында Түркияға қоныс аударған отандастарымызға көмек көрсетті.
Көшелер "Нұркент", "Ерменсай", "Нұр Алатау", "Нұрлытау" және "Алатау" шағын аудандарында орналасқан.
Жаңалықтар
0