https://sputnik.kz/20220506/referendum-qazaqstan-dauys-24685081.html
Республикалық референдумға қатыса алатын қазақстандықтардың саны анықталды
Республикалық референдумға қатыса алатын қазақстандықтардың саны анықталды
Sputnik Қазақстан
Сайлаушылардың тізімге еніп-енбегенін тексеру үшін қазақстандықтарға жаппай СМС-хабарлама жіберу жоспарланып отыр 06.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-06T15:03+0500
2022-05-06T15:03+0500
2022-05-06T15:55+0500
референдум
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0a/15984365_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_18ea24f9bd64c0fa42775fae23cfe14e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда 11 миллионнан астам сайлаушы бар. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, республикада сайлаушылар реестрі жергілікті атқарушы органдар ұсынған деректер негізінде жүйелі түрде жүргізіледі.Сайлаушылардың дені Алматы мен Түркістан облыстарында, Алматы қаласында тіркелген.Заңға сәйкес референдумға қатысу құқығы бар азаматтар тізімінің дұрыстығына жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары жауап береді.Сайлау учаскелерінің тізімі мен шекарасы БАҚ-та 15 мамырға дейін жарияланады. Сайлау учаскелерінің тізімін тиісті әкімдіктер жасайды.Референдумда дауыс беретін сайлаушылар тізіміне белсенді сайлау құқығы бар республика азаматтары енгізіледі.Уақытша тіркеуі бар азаматтар референдумға дауыс бергісі келсе, әкімдікке өтініш беруі қажет. Сол өтініші негізінде тізімге енгізілуі мүмкін.Петровтың айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, азаматтардың тізімге еніп-енбегенін тексеру үшін қазақстандықтарға жаппай СМС-хабарлама жіберуді жоспарлап отыр.Айта кетері, Орталық сайлау комиссиясы 5 маусымда өтетін республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру туралы қаулы қабылдады.
https://sputnik.kz/20220506/referendum-2022-epidemiologiyalyq-zhagday-24680264.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0a/15984365_374:0:2625:1688_1920x0_80_0_0_fa787c19472f85351f5b3de3d517a630.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
референдум
Республикалық референдумға қатыса алатын қазақстандықтардың саны анықталды
15:03 06.05.2022 (жаңартылды: 15:55 06.05.2022) Сайлаушылардың тізімге еніп-енбегенін тексеру үшін қазақстандықтарға жаппай СМС-хабарлама жіберу жоспарланып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда 11 миллионнан астам сайлаушы бар. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, республикада сайлаушылар реестрі жергілікті атқарушы органдар ұсынған деректер негізінде жүйелі түрде жүргізіледі.
"2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 11 695 439 азамат сайлаушылар ресстріне енгізілген. Яғни бүгінде референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімін қалыптастыруға негіз бар. Тізімді тек сәуір-мамыр айындағы көші-қон динамикасы мен азаматтардың берген өтініштеріне байланысты нақтылау қажет", - деді Петров орталық сайлау комиссиясының республикалық референдумды өткізуге қатысты отырысында.
Сайлаушылардың дені Алматы мен Түркістан облыстарында, Алматы қаласында тіркелген.
Заңға сәйкес референдумға қатысу құқығы бар азаматтар тізімінің дұрыстығына жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары жауап береді.
Сайлау учаскелерінің тізімі мен шекарасы БАҚ-та 15 мамырға дейін жарияланады. Сайлау учаскелерінің тізімін тиісті әкімдіктер жасайды.
Референдумда дауыс беретін сайлаушылар тізіміне белсенді сайлау құқығы бар республика азаматтары енгізіледі.
Уақытша тіркеуі бар азаматтар референдумға дауыс бергісі келсе, әкімдікке өтініш беруі қажет. Сол өтініші негізінде тізімге енгізілуі мүмкін.
Петровтың айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, азаматтардың тізімге еніп-енбегенін тексеру үшін қазақстандықтарға жаппай СМС-хабарлама жіберуді жоспарлап отыр.
Айта кетері, Орталық сайлау комиссиясы 5 маусымда өтетін республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру туралы қаулы қабылдады.