https://sputnik.kz/20220506/referendum-2022-epidemiologiyalyq-zhagday-24680264.html
Референдум-2022: эпидемиологиялық жағдай ушықса, дауыс беру қалай өтеді
Референдум-2022: эпидемиологиялық жағдай ушықса, дауыс беру қалай өтеді
Sputnik Қазақстан
Референдум барысында онлайн дауыс беру қарастырылмаған 06.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-06T13:07+0500
2022-05-06T13:07+0500
2023-08-10T12:11+0500
қоғам
референдум
коронавирус
https://sputnik.kz/img/07e5/06/1c/17466149_0:106:3265:1942_1920x0_80_0_0_cb46c435719dbb0e9f119bdcde462d53.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі республикалық референдумды өткізу кезінде сақталуға тиіс санитарлық талаптар бойынша бөлек қаулы қабылдайды. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Ол қазір елімізде эпидемиологиялық ахуал тұрақты екенін атап өтті. Алайда вирус мутациясы мен жаңа түрлерінің пайда болуы мүмкін екенін ескеріп, жалпы профилактикалық шараларды қолға алу қажет. Оның айтуынша, эпидемиологиялық жағдай ушықса, қосымша карантиндік шектеулер енгізіледі. Олар сайлау учаскелеріне аумақтық референдум комиссияларының мүшелерін кіргізуге бағытталған. Яғни комиссия мүшелерінің вакцинация немесе ревакцинация туралы құжаты болуға тиіс. "Эпидахуал нашарлаған жағдайда, дауыс беру учаскелеріне кіргізу міндетті түрде Ashyq арқылы жүргізіледі. Вирус жұқтырған адамдар, әрине, сайлау учаскесіне кіргізілмейді", - деді бас санитар дәрігер. Сонымен қатар, референдум кезінде бетперде режимін, ара қашықтықты сақтап, дезинфекциялық құралдар пайдалану қажет. Денсаулық сақтау министрлігінің болжамынша, маусым айында елдегі эпидемиологиялық жағдай қолайлы болады. Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте ОСК мүшесі референдум барысында онлайн дауыс беру қарастырылмағанын атап өтті.
https://sputnik.kz/20220506/respublikalyq-referendum-aqsha-24677564.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/1c/17466149_266:0:2997:2048_1920x0_80_0_0_f44be480e062853951a42a5cd0f4ace7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
референдум, коронавирус
Референдум-2022: эпидемиологиялық жағдай ушықса, дауыс беру қалай өтеді
13:07 06.05.2022 (жаңартылды: 12:11 10.08.2023) Референдум барысында онлайн дауыс беру қарастырылмаған
НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі республикалық референдумды өткізу кезінде сақталуға тиіс санитарлық талаптар бойынша бөлек қаулы қабылдайды. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол қазір елімізде эпидемиологиялық ахуал тұрақты екенін атап өтті. Алайда вирус мутациясы мен жаңа түрлерінің пайда болуы мүмкін екенін ескеріп, жалпы профилактикалық шараларды қолға алу қажет.
"Республикалық референдумды өткізу күні коронавирустың профилактикалық шаралары Қазақстанның бас санитар дәрігерінің бөлек қаулысында көрініс табады. Ол елдегі, әрбір өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады", - деді Есмағамбетова орталық сайлау комиссиясының отырысында.
Оның айтуынша, эпидемиологиялық жағдай ушықса, қосымша карантиндік шектеулер енгізіледі. Олар сайлау учаскелеріне аумақтық референдум комиссияларының мүшелерін кіргізуге бағытталған. Яғни комиссия мүшелерінің вакцинация немесе ревакцинация туралы құжаты болуға тиіс.
"Эпидахуал нашарлаған жағдайда, дауыс беру учаскелеріне кіргізу міндетті түрде Ashyq арқылы жүргізіледі. Вирус жұқтырған адамдар, әрине, сайлау учаскесіне кіргізілмейді", - деді бас санитар дәрігер.
Сонымен қатар, референдум кезінде бетперде режимін, ара қашықтықты сақтап, дезинфекциялық құралдар пайдалану қажет. Денсаулық сақтау министрлігінің болжамынша, маусым айында елдегі эпидемиологиялық жағдай қолайлы болады.
Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте ОСК мүшесі референдум барысында онлайн дауыс беру қарастырылмағанын атап өтті.