https://sputnik.kz/20220506/referendum-2022-byulleten-24686596.html
Референдум-2022: бюллетеньдер екі тілде басылады
Референдум-2022: бюллетеньдер екі тілде басылады
Sputnik Қазақстан
Қазақстандықтар "иә, қабылдаймын" немесе "жоқ, қабылдамаймын" деп дауыс беруі керек 06.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-06T15:38+0500
2022-05-06T15:38+0500
2022-05-06T15:51+0500
референдум
https://sputnik.kz/img/983/47/9834776_38:0:1962:1082_1920x0_80_0_0_0d8d6cbf32c8cf14fe88889f27919614.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы 5 маусымға белгіленген республикалық референдумның бюллетеньдерін дайындау туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.ОСК хатшысы Мұхтар Ерманның айтуынша, дауыс беруге арналған бюллетеньдер қазақ және орыс тілдерінде басылады. Осыған байланысты дауыс беруге арналған бюллетеннің нысаны мен мәтіні дайындалды.Бюллетеньде сайлаушыларға мынадай сұрақ қойылады:"2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?".Жауап нұсқалары келесідей:"Иә, қабылдаймын"."Жоқ, қабылдамаймын".Азамат өзі дауыс беретін нұсқаның оң жағындағы бос шаршыға кез келген белгіні қоюға тиіс."Дауыс беруге арналған бюллетеньдер тізімге енгізілген азаматтардың санына тең мөлшерде 1 пайыз резервпен дайындалады. Учаскелік референдум комиссиялары референдумға жеті күн қалғанда дауыс беруге арналған бюллетеньдермен қамтамасыз етіледі", - деді Ерман орталық сайлау комиссиясының отырысында.Сондай-ақ, оның айтуынша, бюллетеньді қорғау дәрежесі белгіленеді. Онда офсеттік басып шығару тәсілімен басылған қорғаудың полиграфиялық әдістері, түсі, басып шығару шрифті көзделеді.
https://sputnik.kz/20220506/referendum-qazaqstan-dauys-24685081.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/983/47/9834776_278:0:1721:1082_1920x0_80_0_0_9f356a9ac5af4f0fa740e73d37771017.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
референдум
Референдум-2022: бюллетеньдер екі тілде басылады
15:38 06.05.2022 (жаңартылды: 15:51 06.05.2022) Қазақстандықтар "иә, қабылдаймын" немесе "жоқ, қабылдамаймын" деп дауыс беруі керек
НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы 5 маусымға белгіленген республикалық референдумның бюллетеньдерін дайындау туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
ОСК хатшысы Мұхтар Ерманның айтуынша, дауыс беруге арналған бюллетеньдер қазақ және орыс тілдерінде басылады. Осыған байланысты дауыс беруге арналған бюллетеннің нысаны мен мәтіні дайындалды.
Бюллетеньде сайлаушыларға мынадай сұрақ қойылады:
"2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?".
Жауап нұсқалары келесідей:
Азамат өзі дауыс беретін нұсқаның оң жағындағы бос шаршыға кез келген белгіні қоюға тиіс.
"Дауыс беруге арналған бюллетеньдер тізімге енгізілген азаматтардың санына тең мөлшерде 1 пайыз резервпен дайындалады. Учаскелік референдум комиссиялары референдумға жеті күн қалғанда дауыс беруге арналған бюллетеньдермен қамтамасыз етіледі", - деді Ерман орталық сайлау комиссиясының отырысында.
Сондай-ақ, оның айтуынша, бюллетеньді қорғау дәрежесі белгіленеді. Онда офсеттік басып шығару тәсілімен басылған қорғаудың полиграфиялық әдістері, түсі, басып шығару шрифті көзделеді.